1 ақпаннан бастап автогаз бен бензин  қымбаттайды. Бұл туралы қалалық Энергетика және инфроқұрылымды дамыту басқармасы айтты. Минстрлік мәліметінше, сұйытылған газ бағасының өсімі әр өңірде әртүрлі болмақ. Құны 6 теңгеден 21 теңгеге дейін көтеріледі. Жанар-жағармайдың да бағасы өседі. Бензин бағасына тағы 5 теңге қосылады.

 Шымкентте қазір автогаз бағасы 70 теңге. Алайда ақпанның алғашқы күінен бастап бұл баға тағы 20 теңгеге қымбаттайды.

Шымкенттіктер айына 12 тонна автогаз тұтынады. Жауапты басқарма өкілі жедел әрекет етіп, сәуір айына дейін сұйытылған мұнай газ көлемін 10 тоннаға жеткіземіз деп отыр. Ал қалған 2 тоннаға тапшылық байқалатын болады. Бекеттердегі ұзын-сонар кезек, талас-тартыс қайта туындамай ма деген журналистердің сауалына басқарма бүй деді:

 Самат Мергеновтің сөзінше, біздегі автогаз жетіспеушілігі басқа өңірлерден келетін көліктер есебінен болған. Өйткені бұған дейін Шымкентте сұйытылған газ бағасы өзге аймақтарға қарағанда айтарлықтай арзан сатылған. «Сол себепті басқа қаланың жүргізушілері шаһарға арнайы келіп, құйып кететін. Мұның салдары автогаздың тез таусылуына әкеп соқты. Енді өңіраралық газ бағасы бір деңгейге келтіріледі. Сонда дефицит болмайды», - дейді басқарма басшысының орынбасары.

 Баспасөз барысында жауаптылар журналистер қойған маңызды сауалдарға жан-жақты жауап берді. Алдағы жоспарларымен бөлісіп, өткен жылғы нәтижелерге шолу жасауды да ұмыт қалдырмады.