Соңғы уақытта ем іздеп шет ел асытындар азайған. Мықты сервис, білікті маман жергілікті жерде де кездеседі. Оған мемлекеттік қолдаулар мол мүмкіндік беріп отыр. Дәрігерлер МӘМС-да талай мәселенің түйінін тарқатты,-деп отыр. Аса ауыр оталар осы жүйе арқылы азаматтарға тегін жасалып жатыр.
 Шымкент – мүмкіндіктер мекені. Шаһарда әсіресе медицина саласы кең етек жайып келеді. МӘМС жүйесі арқылы ең қымбат оталар тегін жасалуда. Мұндай игіліктер бар кезде азаматтар да шет елге ем алу үшін барудан бас тарта бастаған.
 Мамандар осыдан 5-10 жыл бұрын дертіне дауа іздеп Туркия мен Өзбекстанға сабылатындар көп болғанын алға тартады. Қазір оның бәрі ұмыт болған. Шымкентте өткен жылы 260 азаматтың бүйрегі тегін трансплантацияланған. Сондай-ақ, 60-70 млн теңге тұратын жүрек ауыстыру отасы да тегін жасалуда.
Мамандар қарапайым аллергияны емдеу, жұқпалы аурудың алдын алудан бөлек, тізе, буын ауыстыру оталарының да сәтті жүзеге асып отырғанын айтады. Мұндай мүмкіндіктер медициналық сақтандыру жарнасын уақытылы төлеген әрбір азамат үшін қолжетімді.