Түркістанда мемлекеттік қызметке іріктеудің цифрлық жүйесі енгізіледі. Бұл туралы Түркістан қаласы әкімінің аппартында өткен арнайы семинарда айтылды. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Абылайхан Наурызбаев жаңа жүйенің тиімділігін түсіндірді.
Пилоттық жобаға бүгінде 44 мемлекеттік орган қосылған. Енді, мемлекеттік қызметке кірудің автоматтандырылған жүйесіне Түркістан облысының жергілікті атқарушы органдары осы жылдың шілде айынан бастап қосылады. «Мемлекет басшысының мемлекеттік қызметке кіру кезінде артық кедергілер мен тосқауылдарды жою тапсырмасына сәйкес заңнамаларға бірқатар өзгеріс пен толықтырулар енгізілген.
АБЫЛАЙХАН НАУРЫЗБАЕВ, МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ Сервистік клиентке бағдарлану қағидаттарына берілген мемлекеттік қызмет моделін қалыптастыру. Мемлекеттік аппараты кәсібилендіру. Процестерді цифирландыру және басқару.
Жаңа жоба арқылы мемлекеттік қызметке тұратын адамға кедергілер азайды. Енді, бүкіл процес толық автоматтандырылды. Бұл процестердің автоматтандырылуы үміткерлерге алдын-ала белгіленген уақытта өтетін әңгімелесуден басқа барлық кезеңдерде,кез-келген уақытта және әлемнің кез-келген нүктесінен конкурсқа қатысуға мүмкіндік береді. Жиында сөз алған қала басшысы қызметкердің әдеп мәселесіне ерекше тоқталды.
ӘЗІМБЕК ПАЗЫЛБЕКҰЛЫ, ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
Халықтың алдында бірінші көзге түсетін мемлекетке қызмет жасап жатқан азаматтарсыздар. Әрбіріңіз Әдеп кодексіне сәйкес тадлаптарды орындауға міндеттісізхдер. Әрбіріңіздің мойындарыңызда үлкен жүк бар.
Жиында ойын мекемелерінде құмар ойындарға және бәс тігуге қатысқан мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметін тоқтатуға негіз болады, яғни мемлекеттік қызметтен босатылатыны жөнінде де сөз қозғалды. Бұдан бөлек, семинарда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Арайлым Қайратова «Мемлекеттік қызметшінің шешендік өнері» тақырыбында тренинг өткізді.