Жоғарғы Сот прокурордың 263 миллионнан астам мемлекеттік кірістер органдарының хабарламасын заңсыз деп тапқан апелляциялық соттың қаулысын жою туралы кассациялық өтінішхатын қанағаттандырды.
Осы факті бойынша қала прокуратурасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 245-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. «A» ЖШС-ның басшысы сенімсіз жеткізушілермен формальді мәмілелер жасау арқылы салық төлеуден жалтарғаны үшін айыпталып отыр. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданды, - делінген қалалық прокуратура хабарламасында. Бұған дейін жазғанымыздай, Шымкентте алаяқтар баспанасы жоқ адамдардың атынан 22 млн теңге несие рәсімдеген.