Түркістанда облыстық білім басқармасының кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Күн тәртібінде 2024-2025 оқу жылының ІІ жартыжылдығы қортындыланып, атқарылған жұмыстар жайы баяндалды. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында республика көлемінде 1300 мектепті жаңғыртудан өткізу туралы тапсырма берген болатын. Осыған байланысты өңірден арнайы тізім жасалып, 115 мектеп алынған.
Тапсырмаға сәйкес 2025-2027 жылдары ішінде тізімге ілінген мектептің ғимараттарына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша мәселе көтерілді. Әрбіріндегі асхана, кітапхана мен спорт залдарды жабдықтау жағдайы айтылды. Сонымен қатар қауіпсіздік жүйелерімен қамтамасыз ету, кабинеттерді жиhазбен жарақтау, мектептерді оқу кабинетімен жабдықтау жағы да талқыланды.
ЖАНДОС МАХАНБЕТОВ, БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
Жандос Мектептерді жаңғырту жобасына облыстан 115 мектеп еніп отыр. Оған бюджнт есебінен 18,3 млрд теңге қаржы жоспарланған. Ағымдағы жөндеу жұмыстарына 89 мектеп өтеді Бұған 22,3 млрд теңге жоспарланып отыр.
Өңірдегі білім ұяларын сапалы инфрақұрылыммен қамту жайы да назардан тыс қалмады. Маңызды жиынға білім саласының өкілдері, жауапты басшылары, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, колледж директорлары қатысты.
БЕЙСЕН ТӘЖІБАЕВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Ал инфрақұрылым бойынша сіздер білесіздер. Өткен жылы біз 317 мектепке 25 млрд теңге бөле алдық Әрине ол үнемдеген қаражат есебінен. Соның нәтижесінде 193 мектепті ағымдағы жөндеуден, 16 мектепті күрделі жөндеуден 128 мектептің газ жүйесін ауыстырдық.
Түркістан облысында 1084 орта білім беру мекемесінде 554 654 оқушы білім алады. Қазіргі таңда облыс әкімінің тапсырмасымен тозығы жеткен білім ұялары қалпына келтіріліп, жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр.