Елімізде жастардың жағдайын жасауға бағытталған  жүйелі  жоспар бар. Әсіресе білім алып жүрген студенттерді жатақханамен қамту ісі күнтәртіптен түскен емес. Алдағы жылдары  жатақхана құрылыстары қарқын алмақ. 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап студенттердің шәкіртақысы бакалавриат студенттеріне 20 пайыз, магистранттар мен докторанттар үшін 15 пайызға өспек.  

Биыл қыркүйек айынан бастап әрбір студент енді 47 135 теңгенің орнына 52 372 теңге, ал педагогикалық және медициналық бағытта білім алушы студенттердің стипендиясы 75 600 теңгеден 84 000 теңгеге дейін өседі. Магистранттар үшін шәкіртақы мөлшері 107 мыңнан  117 мыңға, ал, докторанттардың стипендиясы 240 мыңнан  262 500 теңгеге дейін өспек. Биыл оқуға берілетін мемлекеттік грант көлемі де артқан. Басымдық техникалық мамандықтарға беріліп отыр.
СӘРСЕН  ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Былтырғы жылдың 11500 грант қалай бөлінді дейтін болсақ оның басым бөлігін жұмысшы мамандықтарға берген болатынбыз. 67,5 пайызын жұмысшы мамандықтарға бөлгенбіз.  Педогогикалық мамандықтарға 1933 мәдениет және басқада мамандықтарға 521грант бөліншген болатын.
 Бүгінгі таңда қаламызда техникалық және кәсіптік білім беру саласының дамуына өз үлесін қосып отырған 39 колледжде 49 780 студент білім алып жатыр. Оның ішінде 16 957-сі мемлекеттік, 32 823-і жекеменшік колледждерде оқиды. Ал қаладағы 9 университетте 82 564 студент білім алады. Республикалық бюджет есебінен 16 639, жергілікті бюджет есебінен 285 студент грантта оқиды.
ГҮЛЖАН СҮГІРБАЕВА, ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ РЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
  Жылда біз республикалық бюджет есебінен  мың грант аламыз биыл сәл азырақ алдық 300 Педогогикалық мамандықтарға сұраныс 2019 жылдан бастап күрт өсті.

Жастардың жатақханамен қамтылу мәселесі де күн тәртібінен түскен емес. Жоғары оқу орындарындағы студенттер үйінің сыйымдылығы 10 009 орынды құрайды. Қазіргі таңда жатақ орыннан тапшылық байқалмайды. Алайда, қаламыздың үлкеюі мен халық санының өсуіне байланысты  2025-2029 жылдарға 5 мыңға жуық орындық жатақхана құрылысын салу жоспарланып отыр.