Шымкенттегі перинаталдық орталықтарда нәресте өлімі 2 есе азайды. Іштен туа бітті ақау 3 есе кеміген. Бұл жүйелі жұмыстың нәтижесі дейді дәрігерлер. Ана мен бала денсаулығын нығайтуда скринингтер жасалып, бір күндік клиника ұйымдастырылады. Ол жерде білікті мамандар жүкті әйелдердің жай-күйін тексеріп, туа бітті эмбрион ақауларын анықтап, дер кезінде шара қолдануға тырысады.
Перинаталдық орталықтарға клиникалық балалар ауруханасының мамандары да кеңес беріп, қажет жағдайда нәрестелерге ота жасайды. Былтыр неонаталды хирургтер жаңа туған нәрестелерге 42 операцияны сәтті алып шыққан.
ДИНАРА ЖҰМАДІЛОВА, КЛИНИКАЛЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ
Аптасына бір рет болатын перинаталдық орталықта генетикалық консилиумге қатысады. Ол жерде жүкті аналарға консультация жасап, ерте жүкті әйелдерге науқас бала болуы мүмкін бе, туа бітті ақаулары бар ма жоқ па, осы профилактикалық жұмыс жүргізуге қатысады/
Бір күндік клиника ашылғалы бір жылдың ішінде 10 800 жүкті әйел орталықта перинаталдық скринингтен өтті. Ал биыл 18 мыңына ультрадыбыстық және биохимиялық тексеріс жоспарланып отыр. Бұл іштен туа бітті нәресте ақауын азайту, нәресте өлімінің алдын алу үшін қажет – дейді мамандар. Қазір орта буын дәрігерлеріне талап күшейді. Себебі, шала туған нәрестелердің, яғни 500 гр жоғары салмақпен өмірге келгендердің өмірін сақтап қалу аса маңызды.
ГҮЛБАНУ СЫЗДЫҚОВА, ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ
Нәрестелер өлімі 2 есеге азаюы, іштен туа бітті ақаудың 3 есеге азаюы көптеген жүйелі жұмыстың нәтижесі. Дәрігерлердің, қызметкерлердің білімін арттыру маңызды
Перинаталдық орталықта неонаталды хирургия, госпитальді фармация бөлімдері жұмыс істейді. Осы жылы материалдық-техникалық базаны нығайту, дәрігерлердің біліктілігін арттыру мен жаңа туған нәрестелердің кейбір ақауларына ота жасауды жетілдіру жоспарланып отыр. Тағы ана мен бала өлімін азайтып, жауапкершілік жүгін арттыру қажет, - дейді мамандар. Айта кетерлігі, былтыр 2 ана өлімі тіркелген.