Тазалық талаптарын елеусіз қалдырып, айналасын қоқысқа толтыратындарға қарсы күрес күшейді. Жыл басынан бері Шымкентте ережені бұзғандарға қатысты 23 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Заңсыз қоқыс төккен 188 автокөлік ұсталып, талапты ескермегендерге 59,6 миллион теңге көлемінде айыппұл салынған.


Бұл мәселе «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы мен «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыруға арналған ведомстоаралық кеңесте қаралды. Жыл басынан бері экологиялық акцияға 230 мыңға жуық тұрғын атсалысып, тазалық жұмысына 1438 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде қала аумағынан 2 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды. Басқарма өкілдері қатысқан жиында санитарлық тазалықты сақтау бағытында ақпарат айтылып, мамандарға экологиялық құқықбұзушылықты тоқтату туралы тапсырма берілді.


НҰРҚОЖА САПАРБАЙ, ҚАЛАЛЫҚ ЖАЙЛЫ ОРТАНЫ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ БӨЛІМ БАСШЫСЫНЫҢ М.А.
Аудан әкімдері, сала мамандары, басқарма өкілдері үнемі рейдтік іс-шараларды жүргізеді.Яғни тазалық талаптарын сақтауға үндейміз.Егер заңға бағынбай, ескертуді елемесе, әкімшілік жазаға тартып, айыппұл саламыз.