Биыл 233 мың мектеп бітіруші ҰБТ тапсырды. Оның 73,1%-ы қазақ тілінде, 26,8%-ы орыс тілінде тестілеуден өтті. Ал 383 талапкер ағылшын тілін таңдаған. Нәтижесінде 177 мыңға жуық түлек шекті балл жинады. Бұл – жалпы қатысушылардың 76%-ы.
Талапкерлердің орташа көрсеткіші - 69 ұпай. Ең жоғары 140 балды Павлодар облысының түлегі Әсет Альтаир мен Қызылорда облысының түлегі Балхан Альфия жинады. 821 адам 130 балдан жоғары нәтижеге қол жеткізді. Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасалып, 800 талапкер ҰБТ-ға қатысты. Тестілеу барысында 890 ереже бұзу дерегі анықталды. 522 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өтуге әрекеттенгені үшін тестілеуден шеттетілді. Айта кетейік, 2026 жылғы ҰБТ аяқталғанымен, оған жүргізілетін талдау жалғасады. Мамандар 31 қазанға дейін бейнежазбаларды жіті тексеріп, ереже бұзу фактілері анықталған жағдайда ҰБТ нәтижелерін жояды.