Шымкентте қыс бойы қармен арпалысқан төтеншеліктер енді қарғын суға қарсы сақтық шараларын күшейтті. Көктемгі тасқынға екі жарым мың құтқарушы мен 442 техника және 81 мотопомпа сақадай сай тұр. «Көктем-2025» республикалық командалық оқу-жаттығу жиынында дайындық жұмыстары пысықталды.
 КЕНЖЕХАН ДҮЙСЕНБІ, ТІЛШІ
 Қалада су тасуы мүмкін деген   20 қауіпті аймақ бар.  аймақ бар. Ол жерлердегі халықты эвакуациялаған жағдайда осындай мектептерге алып келеді. Шымкентте  167 эвакуациялау  пункіті бар.Соның біреуі дәл  осы мектепте орналасқан /
 Дабылды естіген мектеп оқушылары бірден қауіпсіздік шараларына көшті. Бірі партаның астына тығылса, енді бірі шкаф сөрелерін паналады. Олар сөмкелерін төбелеріне қойып, қауіпсіз деген аймаққа шықты. Білім ұясында жедел әрекет ету тобы да құрылған. Тіпті алғашқы медициналық көмек те көрсетілді.

«Көктем-2025» республикалық командалық оқу-жаттығу жиыны аясында арнайы штаб құрылып, қауіп төнген кезде атқарылар жұмыстар пысықталды. Техникалар мен су сорғылары, суда жүзу құралдары мен құтқару құрылғылары толықтай дайындыққа келтірілді. Жалпы қала аумағында су басу қаупі жоғары учаскелер белгілі. Ол жерлердегі ирригациялық жүиелер  реттеліп, арық-атыздар тазартылды. Одан бөлек «Бадам» және «Сайрам су» өзенінің жағалауындағы қауіпті деген аумақтар бетондалып, бекітілген. Шымкенттің маңындағы 4 бірдеу су қойламаларында жағдай қалыпты, дейді құтқарушылар.

ҒАЛЫМЖАН ӘДЕНОВ, ӘЛФАРАБИ АУДАНДЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
 Қала аумағында 20 қауіпті аймақ бар. Бізде әлфараби ауданында «Бадам» өзенінің жағалаулары. Өзен жағалауында каскадты құрылыс бар, шлюз Нөсерлі жаңбыр жаған жағдайда, қалың қар түсіп еріген жағдайда су толып, шлюзде кептеліс жағдайлары болуы мүмкін. Қоқыс жиналуы және басқа жағдайларда. Сол жағдайлардың алдын алу үшін бүгін оқу жаттығу өткізіп жатыр. /

 Миллионды қалада айтып келмейтін апатқа қарсы сақтық шаралары күшейтілді. Одан бөлек  қауіп төнген жағдайда  басқа өңірлерге көмекке жіберу үшін 93 жеке құрам мен 11 бірлік техника 26 мотопомпа және  7 жүзу құралы дайындыққа келтірілген.