Қала көшелері инертті материалдар мен шаң-тозаңнан тазартылып жатыр. Бүгінде қала аумағында 891 шақырымды құрайтын 443 магистралды көше бар. Аталған көшелердің санитарлық және механикалық тазалау жұмыстарын 5 мердігер мекеме атқаруда.
 Орталық көшелердегі тазалық жұмыстарына 2 мыңға жуық жұмысшы, 189 арнайы техника жұмылдырылған. Орталық көшелер маңыздылығына қарай I, II III санаттарға бөлініп тазартылуда. Коммуналдық мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері тұрғындардың қауіпсіздігі үшін қала аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлер мен ғимараттардың шатырларында және су құбырларында қатқан мұздарды тазалау жұмыстарын тұрақты атқарып жатыр. Халыққа қызмет көрсету орталығы, вокзал, әуежай, мешіт, сауда нысандары мен басқа да жалпыға ортақ аумақтар жүйелі түрде тазалана бермек.