Сот орындаушылардың жұмысын робот атқарып отыр. Жаңашылдық елімізге бүгін келген жоқ. Былтыр іске қосылған. Нәтижесі жаман емес, жоба азаматтардың 550 млн теңге қаржысын үнемдеген.
Робот сот орындаушының негізгі қызметі 20 АЕК аспайтын соммада айыппұл тағайындалған кезде жүзеге асады. Яғни азаматтар өз берешегін 1 ай уақытта төлемеген жағдайда іс роботқа өтеді. Одан соң 1414 байланыс орталығы арқылы қарызы бар адамға смс хабарлама келеді. 5 жұмыс күнінде айыппұл төленбесе, есепшоттары жабылады. Қарыз уақыты 10 күнге дейін созылса, азамат нотариаттық қызметтерге қол жеткізе алмайды. Бұған дейін мұндай жұмыстар жеке сот орындаушыларға өтіп, олар өз қызметі үшін 25 пайызға дейін үстеме ақы алатын. Ал роботтарға ол ақыны төлеудің қажеті жоқ. Мамандар тиімділігі мол бастама алдағы уақытта 40 АЕК-ке дейін берешегі бар азаматтарға да көмек қолын созады,-деп отыр.
АЙНҰР ИСАБЕКОВА, ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
- Робот сот орындаушылар 109 мың азаматқа көмек беріп, 2,2 млрд теңге қаржы өндірді. Оның 550 миллион теңгесі халыққа тиесілі. Бұл еліміз бойынша көрсетілген қызмет. Ал Шымкентте 45,5 мың іс жүргізіліп, 880 млн теңге қаржы мемлекетке қайтқан. 202 млн теңге азаматтардың қалтасында қалды.
Әділет департаменті өткен жылы 3 мың азаматқа заңгерлік көмек көрсеткен. Қазір онлайн заңгерлік қызметтерді жасанды интелекттер атқарып жатыр. Нотариаттық қызмет көрсетудың цифрландырылған жүйесі өз нәтижесін беріп отыр. Өткен жылы 176 мың азамат нотариусқа бармай, қашықтықтан қызмет алған. Е заң жүйесі де азаматтарға заңгерлік көмекші болуда көш бастап тұр.