Түркістан облысы, Созақ ауданы уран өндіруде көш бастап тұр. «Инкай» біріккен кәсіпорнында тәулігіне 10 тоннаға жуық радиоактивті элемент өндіріледі. Оның қоры шамамен 30 жылға жетуі мүмкін дейді мамандар. Қазір аймақтағы кен орнында табиғи уран өндірісіне тың технология қолданылып жатыр. Экономикалық жағынан тиімді, экология тұрғысынан қауіпсіз өндірістің қызметі жайлы сюжеттен көрейік.  
Түркістан облысындағы кеніште жер қойнауындағы радиоактивті элемент ең қауіпсіз әдіспен алынады. Бұл үшін терең шахта қазудың қажеті шамалы. Ондай тәсіл өткен ғасырдың еншісінде қалған. Жаңа технология бойынша уран сұйық күйде шығарылады. Ол үшін  күкірт қышқылының ерітіндісі жерге айдалып, ұңғымалық шаймалау әдісі қолданылады.
 ӘЛІБЕК АСАУОВ, КЕНІШТІҢ ДИРЕКТОРЫ
жер астындағы қойнауда физикалық-химиялық реакциялар барысында біз жер астында орналасқан уранды шаймалап жер бетіне шығарамыз.  Жер бетіне шыққан уран ”ерітінділері өңдеу зауытына жөнелтіледі. Ол цехқа миллиграммен, литр болып кіреді. Біз оны сатылай өзінің технологиясымен сорбция, дисорбция тәсілдерімен  концентрациясын арттырамыз.
 Созақ ауданының тұрғыны Пернебек Дауылбаевтың міндеті - жер астындағы уранды соратын ұңғымаларды құрап, тораптарды жасап- жабдықтау. Ширек ғасырдан бері өндіріс ошағының отымен кіріп, күлімен шығып жүрген ол 2001 жылы компанияға күзетші болып жұмысқа орналасқан. Қазір геотехнологиялық полигонның құрылыс алаңында супервайзер.
 ПЕРНЕБЕК ДАУЫЛБАЕВ, ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ СУПЕРВАЙЗЕРІ
дәл қазір осы Құрылыс бөлімінің супервайзерімін. Бұл жаққа ең алғаш 2001 жылы қарауыл болып кіргем. Сторож дейді ,ол. Содан бері міне 24 жыл болды. Осы компанияға өзімнің үлесімді қосып, жұмыс істеп келе жатқаным бар. Жер астындағы сорушы ұңғыма одан кекйін жер асытндағы жаңағы сілтемені айдау ұңғымасы соларды құрап тораптарды жасаймыз.
 Өндіріс ошағында бір ауысымда 300-ден аса адам вахталық әдіспен жұмыс істейді. Ұзындығы 25 шақырымды алып жатқан алқапта 3 зауыт, 3 геотехнологиялық алаң орналасқан. Жер асты байлығы 300-550 метр тереңдіктен өндіріледі. Алдымен арнайы зертханада уранның концентрациясы тексеріледі. Себебі, ерітіндінің құрамында ураннан өзге де элементтер болатын көрінеді.  
ГҮЛНАР САНДЫБАЕВА, КОМПАНИЯНЫҢ ТЕХНИК-ЛАБОРАНТЫ
 жерасты ұңғымалау арқылы алынған ерітінділерді, құрамында қанша уран бар екенін анықтаймыз. Соны ең тез жасап беретін экспресс метод арқылы анықтауға болады.  Бұл жерде бірнеше элементтерді көруге болады.  Сондықтан әр түрлі цветпен белгіледік.  Ол результаттарды біз әрі қарай өндіріске береміз.
Қазатомпромның 14 еншілес компаниясы болса, соның ірісі “Инкай” біріккен кәсіпорны. Түркістан облысында орын тепкен кеніштің алғашқы өнімі 2002 жылы өндіріліпті. Содан бері дүниежүзілік стандарттарға сай 40 мың тонна уран шығарылыпты. Мұнда әлі 140-150 мың тонна табиғи уран қоры бар, - дейді кәсіпорын қызметкерлері. Ал қазір тәулігіне шығарылатын уран көлемі 10 тоннаға жуықтайды. Алдағы жылдары бұл көрсеткішті тағы 20 пайызға арттыру көзделген.
СТЕПАН ТРЕТЬЯКОВ, ӨНДІРІС БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ

Наши запасы, остаток запасов, рассчитан до 2056 года. Кеніштегі уран қоры шамамен 2056 жылға дейін жетеді деп болжап отырмыз. Бұл зерттелен уран қоры бойынша қазақстандағы ең ірі кен орны. Атом электр станциясына қажетті отын тәулік бойы үздіксіз алынады. Атап, өткендей, мұнда уран өндірудің ең таза, ең арзан және тиімді  жерасты өндіру әдісі қолданылып жатыр. Бұл технологияны жасаудың бастауында қазақстандық мамандар тұрғанын атап өткім келеді.
 Уран өндірісінде жұмыс істеу оңай шаруа емес. Денсаулық тәуекелдері жоғары. Сондықтан кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі мәселесіне баса мән берілген.
САЙЛАУ ӘБЖАППАРОВ, КОМПАНИЯНЫҢ ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ИНЖЕНЕРІ
 Егер бетке шашыраған болса, келіп осы шүріппені басады. Ол бетін жуып алғашқы көмегін жасай алады. Екінші функциясы сұйықтықтың көлемі жоғары болып жатса,  міне душты пайдалануғ,а болады. Екі қолы бос емес егер қолы күйсе, аяқпан басып осы функцияны пайдалана алады.
Дайын өнім - уран пероксиді деген атауға ие. Қазір оған Қытай және өзге де Азия елдерінен, АҚШ пен Еуропадан сұраныс бар. Отандық уран өндірушілер жыл сайын әлемдік атом энергиясына қажетті отынның  40 пайызға жуығын қамтамасыз етіп отыр.