Көрісу – тек бір-бірімен сәлемдесіп, амандық сұрасу емес, ол рухани байланысты нығайтып, бауырмалдық сезімді күшейтетін дәстүр. Осылай деген Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педогогикалық университетінің студенттері өзге оқу орын шәкірттерін қонаққа шақырып, көрісу мерекесін атап өтті.

 Жансая Ынтықбай - студент. Талапшыл шәкірт бір емес бірнеше белсенділік ұйымына мүше. Шараға ұйықты болып, оны ұйымдастыруға да  ат салысып жүр.  Сөзінше, көрісудің көрнекілігі, берер тәлім-тәрибесі мол. Сондықтан оны замандас санасына терең сіңіріп, көпке насихаттау сіз бен бізге ортақ борыш дейді ол.      

ЖАНСАЯ ЫНТЫҚБАЙ, СТУДЕНТ
 – «Қыстан аман-есен шыққандарына қуанып, мәз-меррам жұрт. Біз де бүгін университетке басқа да 7-8 ЖОО шәкірттерін шақырып, тойлау үстіндеміз.»

 Іс-шара концерттік бағдарламаға ұласып, талантты студенттер ән мен күйден шашу шашты. Түрлі аспаптарда өнер көрсетіп, ақындар амал мерекесін жырға қосты.

ҚАНАТ ЖОЛДАСБЕК, ТІЛШІ
«Құндылықтар құрдымға кетіп, салт-сана саяз тарта бастаған жылдары, шамамен 1988 жылы тап осы Өзбекәлі Жәнібеков бір шоғыр салт-дәстүрді елмен қауыштырады.»

Қайраткердің ерен ісі ел есінен шыққан емес. Мұны этнограф атын иеленген университет ұжымы да мақтанышпен айтады. Гүлжан Сүгірбаеваның сөзінше, амал мейрамы – әл Наурыздың алғышарты.

 ГҮЛЖАН СҮГІРБАЕВА, Ө.ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ РЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
 – «1988 жылы Наурыз мейрамы тойланды. Содан бері Наурыз мейрамын әртүрлі дәстүрлермен қоса қарсы аламыз.»

Студенттер мейрам аясында өткен жиында өзара пікір алмасып, көктемнің шұғылалы күнімен құттықтасты. Рухани құндылықтар жайында ой қозғап, оның мән-маңызына тоқталды.