Мегаполисте әскер қатарына көктемгі шақырылым жұмыстары қызып тұр. Бірінші кезекте Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметіне сарбаздар саралануда. Ел тыныштығын күзетуге сақадай сай жігіттердің алғашқы легі аттанды.

 Отан қорғауға өз еркімен келген ер азаматтың бірі Бейбарыс Абдухайым. Ол университеттегі оқуын уақытша тоқтатып, әскерге баруға ниет етіпті. Қолына қару ұстап, ел қорғауды бала күннен армандаған. Келешекте де шен тағып, шекара тыныштығын сақтайтын қызметкер болғысы келеді.

 БЕЙБАРЫС АБДУХАЙЫМ, ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРЫЛУШЫ

Бала кездегі арманым негізі сол арманыма бүгін бір табан қалды десем қателеспеймін.  Алдағы уақытта борышымды өтеп болған соң сол әскери қызмет істегім келеді. Жәнеде менімен кетіп бара жатқан достарыма бауырларыма сәттілік тілеймін.

 Салтанатты шарада сөз алған Шымкент қаласы бойынша қорғаныс істер жөніндегі департамент бастығы Әбдіғабит Шегебаев сарбаздарға сәттілік тіледі. Әскери қызмет темірдей тартіпті талап ететіндігін тілге тиек етті.

ӘБДІҒАБИТ ШЕГЕБАЕВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ҚОРҒАНЫС ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТ БАСТЫҒЫ

П 7954тк 00:38 – 00:57 Жорытқанда жолдарың болсын бірінші кезекте. Әскери анттарына мықты болыңыздар, жауапкершілікпенқараңыздар. Мемлекет басшысының салихалы саясаты мына отан сүйгіштікке, потриоттық тәрбиені ұлғайтуға қатты көңіл бөліп отыр.

 Мегаполистен Шекара қызметіне 150 сарбазды шақырту жоспарланған. Әзірге сыннан сүрінбей өткен 32 жігіт алғашқы лекті құрап отыр. Салтанатты шараға шақыртылған қонақтар бозбалаларға ақ тілегін жаудырды.

ГҮЛМИРА ОСПАНОВА, «ЖЕЛТОҚСАН АҚИҚАТЫ» РҚБ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

 Мен ана ретінде 12 айлық мерзімді атқаруға кетіп бара жатқан ер балаларға тек ғана ақ жол тілеймін. Шымқаламыздың абыройын асқақтатып отан алдындағы борышты абырлойлы атқарып келуіне тілектеспіз.

Жігіттерді шығарып салуға әскери мамандықта оқитын қыздар да келіпті. Бұрымдылардің бірі алаңға шығып, колашник қаруын көзді жұмып тұрып шашып құрады. Борышын өтеуге кетіп бара жатқан жігіттерді жігерлендірді.