Мотоатқыштар батальондық тактикалық оқу-жаттығуларды  абыроймен аяқтап, Арыс қаласына оралды. Жамбыл облысындағы «Матыбұлақ» сынақ алаңында өткен оқу-жаттығуға 300 сарбаз қатысып, 50 әскери техника тартылған.


 Мұнда әскери қызметшілер атыс пен тактикалық-арнайы тапсырмаларды сәтті орындап, кенеттен туындаған жағдайларға жедел шешім қабылдау дағдыларын  жан-жақты пысықтаған. Оқу-жаттығулардан кейін батальон жеке құрамын туған-туыстары мен достары күтіп алды. Бригада командирі подполковник Сергей Бибулатов әскери қызметшілердің жоғары дайындықтарын ерекше атап өтіп, тапсырманы мүлтіксіз орындағаны үшін алғысын білдірді.