«Дінтану» пәні мұғалімдерінің біліктілігін арттыру керек. Өйткені, діни түсінік мектепте қалыптасады. Осылай деген теологтар арнайы семинар-тренинг өткізді. Оған 250 ұстаз қатысты. Іс-шараның өтуіне қалалық Дін істері басқармасы ұйытқы болып отыр.


 Қазір орта мектептерде «дінтану негіздері» пәні енгізілгенмен, аты бар, заты жоқ. Семинардың басында сөз алған теолог Досай Тұрсынбайұлы осылай деп кесіп айтты.


ДОСАЙ КЕНЖЕТАЙ, ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ ТЕОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ

--- 4 пән болады. Оның ішінде қайсысын таңдайды, соны ала береді. Бірақ модульдің ішінде көрініп тұра береді дінтану пәні. Ал, бірақ, шын мәнінде ол міндетті бір құбвылыс ретінде қарамағандықтан, оның зарлдабы ертең шыға бастайды.  Біздің мемлекетіміздің ең белсенді звено ол оқушылар. Оқушыларға қалай қатынас жасасаңыз, болашағвыңыздың өлшемі солай қойылады.


Бұған дейін бұл пән тек тарих мамандарына қосымша факультатив ретінде жүктелген еді. Сағат саны қазір де өзгеріссіз. Оған кәсіби мамандардың тапшылығы себеп. Ал елімізде дінтану мамандарын даярлайтын 13 оқу орны бар. Жат ағымдармен күресті тиісті орындар ғана жүргізбей, қоғам болып қарсы тұра білу керек, дейді басқарма өкілдері.


БАХТИЯР ӨНЕРБАЕВ, ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

---  Дінтану пәні керек. Қазіргі таңда нурмубарак университеті бар, басқа шетелдегі діни таным университеттері бар. Сол жерде біздің жастарымыз оқып жүр. Одан қала берді медреселер бар. ҚМДБ қарсы гранттар бөлінеді, жыл сайын біздің медреселрлен қыздар медресесіне грант бөлініп оқытып жатыр. Негізгі мақсат дінді дұрыс түсіну. 


 Бұдан бөлек семинарда психология, тарих, филология, теология ғылымдарының мамандары тәжірибелерімен бөлісті. Ұстаздар мектеп жасындағы балалардың өзекті сауалдарын да қойып, ой-пікірлерін ортаға салды. «Жалын» қоғамдық бірлестігі мұндай семинар-тренингтерді алдағы уақытта да жалғастырамыз деп отыр.