Жыл басынан елімізде 1200-ден астам адам қызылша мен көкжөтел инфекциясын жұқтырған. Науқастардың басым бөлігі 14 жасқа дейінгі балалар. Жұқпалы әрі қауіпті аурудың таралуына не себеп? Инфекцияның аталған түрлері өршіп кетпей ме? Оның қалай алдын алуға болады? Тілшіміз Нұрсұлтан Тілектес анықтап көрді.


 НҰРСҰЛТАН ТІЛЕКТЕС – ТІЛШІ

- Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы үш айда елімізде 1089 адам қызылша жұқтырған. Оның 900-і 14 жасқа дейінгі екпе алмаған балалар. Дәрігерлер инфекцияның таралып кетуінен қауіптенеді. Өйткені қызылша ауа арқылы жұғады.


Дәрігерлер қызылшаның таралуын тыю үшін екпе алу керек дейді. Вакцина балаға 1 жасында, ал, ревакцинация 6 жасында егіліп, ағзада вирусқа қарсы иммунитет қалыптастыруға септеседі. Ал екпе алмаған балаға инфекция жұқса, салдары қайғылы жағдайға алып келуі мүмкін.


НҰРШАЙ ӘЗІМБАЕВА - ҚР ДСМ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ

 Бұл аурудың арнайы спецификалық емі, дәрісі жоқ. Қызылша ауруы асқынған жағдайда, асқынуы сирек кездеседі бірақ, кездескен кезде мидың қабынуы, бірнеше айдан кейін мидың кішірейіп солуына және өлімге соқтыратын ең ауыр түрде өтетін асқынуы. Бұдан кейін пневмонияға шалдығып, өлім-жітім жағдайына әкелуі мүмкін.


 Қызылшамен қатар қазір көкжөтел ауруы да кеңінен таралып жатыр. Қауіпті инфекция көбіне жасқа толмаған сәбилерде кездеседі. Салдары өте ауыр. Жұқтырған жағдайда мидың инсультіне немесе миға оттегі жетіспеушілігіне жеткізеді. Бұл қан тамырлардың қысылып, баланың қалыпты дамуына үлкен кедергісін тигізеді екен. Дерттің алдын алу үшін балаға 3 айлық кезінде екпе салғызу керек. Дегенмен, вакцинаға қарсы ата-аналар көп.


---  Көп ата-аналар сенбейді. Себебі вакцинадан кейін ЗБР, ЗРР деген аурулар пайда болады деп айтады.

--- Өзімде екі ұл бар үйленген. Біреуі бойдақ. Үлкен келінім алғысы келмейді. Балаларына екпе алмайды. Екінші келініп барлық екпені алып жүр. Міндеттейін десең қорқасың. Бала онікі ғой. Барлығы медицинаға сенім жоқтығынан туындап отыр.

---  Себебі оның құрамында не бар екенін білмейміз ғой. Бізге айтқан жоқ. Айтпаған нәрсені салдыратын болсаңыз білмейсіз қалай әсер ететінін. Сол үшін өзіме де балаға да салдыруға қарсымын.


Вакцинадан қауіптенгендерден өзге діни жоралғыларға сеніп салдырмайтындар да бар. Алайда мүфтият өкіллдері былай дейді...


 ЕЛБЕК ТАСБОЛАТҰЛЫ – ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ШАРИҒАТ ЖӘНЕ ПӘТУА БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ

--- Екпе салуға болады. Пәтуада үш нәрсе айтылады. Ең бірінші екпе салу рұқсат дүние. Шариғат бойынша рұқсат. Екінші құрамы таза болуы керек. Үшін ол адам ағзасына зиян болмауы керек. Осы шарттар табылып жатса демек екпе салу әр адамның еркінде. Шариғат бойынша тыйым салынбаған.


НҰРСҰЛТАН ТІЛЕКТЕС – ТІЛШІ

Былтыр елдегі қызылша жұқтырған 28 мың адамның да 90 пайызы осы екпе алмаған балалар. Ал, қауіпті инфекцияның бірі көкжөтелді жұқтырған 98 пайыз балалардың ата анасы да вакцина салдырмаған. Ең өкініштісі, екпе алмай, ауыр дертті жұқтырғандар арасында көз жұмғандар бар.