Биыл Жеңіске - 80 жыл және қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл. Осыған орай Шымкентте әскери-патриоттық әндер байқауы өтті. Сайысқа 120-ға жуық оқушы қатысты.


 Батырхан Байданов 10-сынып оқушысы. Талай додада топ жарып жүрген ол домбыраның құлағында ойнайды. Бүгінгі байқауға ерекше дайындықпен келіпті.


БАТЫРХАН БАЙДАНОВ, САЙЫСҚА ҚАТЫСУШЫ

--- Мен өзі осы сайысқа «Самалдау» әнін әкеліп тұрмын. Жалпы дайындығым жақсы, қарсыластар да оңай емес. Бұл өзі керемет ән. Бұйырса жүлделі орыннан ниеттімін.


 Байқауға дәл осындай тағы 40 мектептің оқушылары бақ сынауға келген. Олар ұлт жадында мәңгі сақталған патриоттық әндерді шырқады.


БАҚЫТЖАН ҚАЛТАЙҰЛЫ, АӘД ПӘН МҰҒАЛІМІ

--- ҰОС 80 жылдығы. Және қазақтың қаһарман қызының 100 жэылдығына арнап отырмыз. Патриоттық әндер байқауы осы мектепте өтіп жатыр. мақсаты тарихи тұлғалардың, батыр бабаларымыздың өмірін ерлігі дәріптеу.


 Байқауға таулы-қарабақ ардагерлері мен мүгедектерінің Республикалық одағы қоғамдық бірлестігінің Шымкент қаласындағы филиалы мұрындық болған. Ардагерлер жас буынның отансүйгіштік қасиетін оятып, ұлттық болмысын қалыптастыруға осылайша күш салып отыр.


 СЕРІКБАЙ ОНБАЕВ, «ҚАРУЛЫ КҮШТЕР АРДАГЕРЛЕРІ» РҚБ ШҚФ ТӨРАҒАСЫ

---  Бұл жерде негізгі мақсат сол ең үздік командаларды іріктеп, оларды Ақтөбе қаласында өтетін үлкен д/ж Айбын жарысына апарамыз. Былтырғыдан ерекшелігі биыл Қытай және Индиядан қатысушылар келеді. 


МҰРАТ АМАНБАЕВ, «ТАУЛЫ-ҚАРАБАҚ АРДАГЕРЛЕРІ МЕН МҮГЕДЕКТЕРІНІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОДАҒЫ» ҚБ ШҚФ БАСШЫСЫ

--- Осымен қазір екінші рет өткізіп жатырмыз. Дәстүрлі болады. Отандық рухты жастарға сіңіру, сол арқылы жастарды тәрбиелеу болып отыр.


Биыл екінші рет өткізіліп жатқан байқау дәстүрге айналмақ. Оған жыл санап қатысушылар қатарының артып отырғаны себеп. Сайыс жеңімпаздары ұйымдастырушылар ұсынған бағалы сыйлықтармен марапатталады. Аға буын осы арқылы өнерлі жастардың өрісін кеңейтіп, елге танылуына жол ашпақ.