Қазақстанға алдағы 5 жылда бір жарым миллионнан астам маман қажет болады. Заңгерлер мен экономистер емес. Олар қарапайым жұмысшы мамандықтары. Өйткені қазір еңбек нарығы жаңа терендті қалыптастыруда. Құрылысшы, дәнекерлеуші, электрик, сынды мамандықтарға сұраныс артқан. Төлеби ауданындағы №8 техникалық колледж осындай мамандарды даярлап келеді. Ғасырға жуық тариғы бар білім ордасы соңғы уақытта заманауи құрылғылармен қамтылып, жыл сайын ғимараттары жаңарып жатыр. Тақырыпты тілші толықтырсын...
Әбдурахим Шаймерден №8 колледждің электромонтер мамандығында оқиды. Бозбаланың айтуынша, қазір энергетика саласы жаңа ғылыми өзгерістерге толы. Осында білім ала жүріп, Әбдурахим жеделсаты, эсколатор, бағдаршам құрылғыларының электр жүйелерін жасап шықты. Болашақта ол
білікті маман атанып, өз кәсібін ашуды армандайды.
Колледждегі тынымсыз тіршіліктің бұл жай ғана көрінісі емес. Бұл өз мамандығын шынайы сүйе білудің жарқын үлгісі. Оқу ордасында ғимараттармен қоса, өндірістік жабдықтар да түгелімен жаңарып жатыр. Бұл өзгеріске колледж үжымы да студенттер де дән риза.
Қоғамның еңбек адамына деген құрметін арттыру сала мамандарына тың серпін берді. Тігін шеберханалары да кеңейіп, жаңа тігін машиналары іске қосылды. Қазір мұнда шәкірттер Ворлдскилс жарыстарына қызу дайындық жасап жатыр.
Қазір колледжде 7 мамандық бойынша 988 студент білім алады. Ұстаздардың біліктілігінің арқасында шәкірттер талай додаларда үздіктер сапынан көрініп жүр. Түлектер оқуын аяқтаған соң өз кәсібін ашып, елдің экономикалық ахуалын арттыруға мүдделі.
Қазіргі таңда еліміз жан-жақты дамыған. Еңбек нарығына жаңа технологиялар енгізіліп, техниканың түр-түрі пайдаланылып жатыр. Сәйкесінше, жаңа технологияны басқару үшін сол саланы жетік меңгерген, білікті де білімділеріне сұраныс арта түсті. Ал жұмысшы мамандары заман көшінен қалмай жаңа технологияны да игерсе, онда сол жанға сұраныс одан әрі жоғары болары анық.