Тұран ауданында кәріз суына тұншығып қаза тапқан 6 жасар баланың оқиғасы шымкенттіктерді дүр сілкіндірді. Бұған қоса шаһарда өтетін аламан айтысқа қатысты сан-сауалдар туындады. Осы және өзге де желіде көпшілікті толғандырған сұрақтарға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары-ресми өкіл Сәрсен Құранбек арнайы брифинг өткізіп, нақты жауап берді.


 Естереңізге сала кетейік, жан түршігерлік оқиға 12-ші сәуір күні орын алды. Бірінші сыныпқа енді баратын бала кәріз суына құлап, тұншығып қалған. Мән-жайды анықтаған тиісті орган қызметкерлері бұл оқиғаға байланысты тергеу басталғанын хабарлады. Ал Шымкент қаласы әкімінің орынбасары-ресми өкіл Сәрсен Құранбек кәріз жүйесіне жауапты мердігер мекеменің атын атады. Ол - «Ақжол» ЖШС-і екен. Құрылыс жұмыстары былтыр басталып, әлі бітпеген.


 СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ-РЕСМИ ӨКІЛ

--- мен де және қала әкімі көңіл айтады...мердігер мекеме...сотқа тапсырылады


Осындай олқылықтардың қайталанбауы үшін нақты шаралар қолға алынып отыр. Ал кәріз жүйесінің құрылысы мерзімінен кешіктірілмей аяқталатын болады деді Сәрсен Құранбек.


 СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ-РЕСМИ ӨКІЛ

- Осы жолға паралелді мыңдық турба жүргізіп жатырмыз. Бір айдың көлемінде бұл жерде жүргізіліп жатқан 1000дық турбамен келетін канализация жүйесі аяқталады.Осы Тұран шағынауданынан ағатын кәріс жүйесінен келетін судың барлығы сол мыңдық турбаға құйылатын болады.


Жиын барысында әлеуметтік желіде туындаған мегаполиске қатысты мәселелерге түсініктеме берілді. Соның ішінде жол бойына төселген жасанды жабын, түн ішінде тұрғындардың тынышын бұзған «Zima» түнгі клубының жайы да назардан тыс қалмады.


СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ-РЕСМИ ӨКІЛ

---   Бұл жерде де біз тұрғындардың өтініші бойынша Бәйдібек би даңғылы бойында орналасқан ғимаратқа жоспардан тыс тексеру жүргіздік. Нысанның бағыты өзгеріп заңсыз түнгі клубқа айналғанын біліп жабу туралы нұсқама бердік.


 «Шымкентте ақындар айтысы ұйымдастырылып, қыруар қаржы жұмсалмақ» деген әңгіме де желіде желдей ескен болатын. Сәрсен Абайұлының аталған мәселеге байланысты жауабы дайын болды. Ол іс-шараның сметасын брифингке алып келіп, тілшілерге ашып көрсетті. Қаралған қаржы конкурс арқылы ұйымдастырушы мердігерге берілетінін, қай бағытқа жұмсалатынын да айтып өтті.