Маусым айында қазақстандықтар әдеттегі демалыс күндеріне қосымша бір күн демалыс алады. Бұл мұсылмандардың маңызды мерекелерінің бірі Құрбан айттың басталуымен байланысты. Биыл Құрбан айттың бірінші күні 6 маусым, жұмаға сәйкес келеді. Осыған орай, бес күн жұмыс істейтіндер үш күн қатарынан демалады.


 Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін: 6 маусым (жұма) – Құрбан айт күні демалыс, 7 маусым (сенбі) – демалыс, 8 маусым (жексенбі) – демалыс. Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін: 6 маусым – демалыс, 7 маусым – жұмыс күні, 8 маусым – демалыс. Сонымен қатар, маусым айында басқа да демалыс күндері бар: 1, 14, 15, 21, 22, 28 және 29 маусым. Жалпы алғанда, бес күндік жұмыс аптасындағылар үшін бұл айда 10 күн демалыс болады.