Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2022 жылы құрылған Қазақстан халқына» қоғамдық қоры денсаулық сақтау саласына серпін беріп отыр. Мегаполисте қордың демеуімен жүзеге асқан жобалар нәтиже беруде. Тірек қимылы бұзылған 152 баланың 82 нің денсаулығы жақсарып келеді. Еліміздегі ерекше балаларды емдеуге арналған пилоттық жоба аясында төсекке таңылғандар тұрып, орындыққа байланғандар жүріп жатыр.


Бүгінде Қазақстанның төрт өңірінде: Шымкент қаласында, Қызылорда, Павлодар және Абай облыстарында барлығы 306 бала инновациялық техникалық құралдармен оңалту шараларына қатысуда. Олардың 231 де оң нәтиже байқалады.


 ШЫҢҒЫС ШАРАПИЕВ, «ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Шымкент қаласында қормен 18 жоба іске асырылды оның 7-сі нақты ілеуметтік нысандар 7-шісі атомологиялық скрининг жабдықтау.


Бұл жобаға Шымкент қаласынан 152 бала қатысқан. Ортақ күш-жігердің арқасында осындай жетістіктер бар. 10 ай көлемінде қызмет көрсетілген балалардың 84 оң нәтиже берген. 18 бала жүруге әрекет қылып жатыр екен.


САЛТАНАТ ИБРАЕВА, ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Бір жыл көлемінде жұмыс атқардық жоба өте тиімді.116 балаға қызмет көрсетілсе 4 бала толық өз аяғымен жүріп жобадан шықты. 17 баламыз уақытша тоқтатылды. Денсаулығына байланысты.


Жоба аясында орталыққа 576 млн теңге сомасына инновациялық техникалық оңалту құралдарының бірнеше түрін алдырылған. Мүмкіндігі шектеулі балаларға олардың қабілеттерін бағалау жүргізіледі және оңалтудың техникалық құралдарын жеке іріктеу жүзеге асырылады. Бұл жоба үй жағдайында оңалту процедураларын жалғастыруға мүмкіндік береді.