Дәстүрлі түрде өтетін «Шымқала кештері» концерттік бағдарламасы демалыс күндері қала тұрғындарын ерекше ықыласқа бөлеп келеді. Мегаполистің мәдениетін жандандыру мақсатында өткізілетін шара жұртшылықтың сүйікті демалысына айналып үлгерді. Оған куә болып қайтқан әріптесіміздің бейнематериалын бірге көрейік...
Ашық аспан астында өткен концертке келушілердің қарасы көп болды. Тетар және шығармашылық ұжымдарының әзірлеген бағдарламасы жанға жайлы «Шым сити» саябағының ажарын аша түсті. Әншілермен қосыла ән шырқаған қонақтар сахнаға шығып билеп шығып, кей өнерпаздармен естелікке суретке түсіп мәре-сәре күй кешті.
МҰРАТ МЫҢЖАСАР, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Өктен аптада келгенбіз. Енді бұл аптада келгенбіз. Рахмет әкімшілікке. Халықтың ойынан шығып, концерт қойып, осындай бағдарламалар көп болса екен деп ойлаймыз. Балаларымыз бен немерелеріміз бен келіп тамаша кеш өткізіп жатырмызү. 00:51
Айта кетейік, «Шымкент концерт» концерттік ұйымының өнерпаздары Тәттібек Бегалиев, Эльмира Амирова, Абзал Молдабеков, Гүлзина Шорабекова, Қуаныш Абжаппар мен Саддәулет Сүлейменовтер эстрада жанрындағы тың туындылармен Шымкент халқына көтеріңкі көңіл, һәм есте қаларлық демалыс сыйлады.
ЖАНДАРБЕК ҚАЙЫРБЕК, «ШЫМКЕНТ КОНЦЕРТ» КОНЦЕРТТІК ҰЙЫМЫНЫҢ ӘНШІСІ
Бұл халыққа керек! Саябақ болғаннан кейін әркім саябаққа қыдыруға келеді. Балалары ойнап жатқанда, қыдыруға, серуендеуге шыққанда ата-аналары кереемт әндерді тыңдап, әдемі кештің куәсі болып қайтып жатыр. Жалпы елі бейбіт жерде осындай ән –күй болады. 01:25
«Шымқала кештері» енді күзге дейін жалғасады. Әр сенбі-жексенбі әншілердің жек концерті, айтыс, театр қойылымдары өткізіледі деп жоспарланып отыр. Мұнда игі шаралар тек отбасылық ғана емес, достық қарым-қатынасты арттырып, жастарға жаңа мүмкіндіктер ашуға көмектеседі,-дейді ұйымдастырушылар.