Шымқала кештері жалғасып жатыр. Ашық аспан астындағы концерт «Шым сити», «Арбат» және «Орталық» саябақта ұйымдастырылды. «Шымкент концерт» концерттік ұйымының өнерпаздары қала тұрғындары мен қонақтарына әсем ән тарту етіп, көңілді кеш сыйлады.


Мегаполистің мәдени өмірін жандандыру мақсатында өтіп жатқан «Шымқала кештері» қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті іс-шарасына айналды. Жоба халықтың мәдениет пен өнерге деген қызығушылығын арттырып, бос уақытты тиімді әрі ерекше өткізуге мүмкіндік беріп отыр.


 АБЗАЛ МОЛДАБЕКОВ, ӘНШІ, САЗГЕР

Біз міне кезекті концерттің аясындамыз. Осы концерт қала тұрғындары мен қонақтарына әр сенбі, жексенбі берілетін керемет концерттік кеш. Көптеген машыққан мамандар Қызғалдақ сарайының әншілерінің қатысуымен өтіп жатқан керемет концерттің куәсі болып жатырсыздар. БАрлықтарыңызды концертке шақырамыз келіңіздер. Қолдау күтеміз.


«Шымқала кештері» – заманауи өнер, музыка, спорт және шығармашылықтың тоғысқан алаңы. Кеш барысында «Шымкент концерт» концерттік ұйымының өнерпаздары қала тұрғындары мен қонақтарын жанды музыканың ырғағына бөленіп, жазғы кештің ерекше атмосферасын сыйлады.


НҰРЛАН БАЛТАҚОЖА, ӘНШІ

Осы жерде тұрғындар саябақта демалады. Біз келіп концерт беріп, халықтың көңілін көтеріп, көңілкүй сыйлап концерт береміз. Елімізде тыныштық халқымызда амандық болсын!. Осындай іс-шаралар көбірек бола берсін. Қонақтар өте жақсы қабылдайды. Қазір концерт басталған кезде тұрғындар көп жиналады. Барлығына әсер береді, шапалақ ұрып тағыда деп сұрап жататын кездер болады.


 Еске сала кетейік, түрлі жастағы көрермендердің қызығушылығын тудырған «Шым қала кештері» жобасы жаз бойы жалғасатын болады.