Қазақстан – зайырлы мемлекет. Елімізде діни 18 конфессия, 3 мыңнан аса бірлестік бар. Азаматтардың діни сезімін, бостандығын аяқ-асты етіп, қорлауға болмайды. Мамандардың айтуынша, кез-келген діни ұстанымға тіл тигізіп, оны келемеждеу заңмен қатаң жазаланады.


 ЕРЛАН ЕРҒАЛИЕВ, ДІНДЕРДІ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ ЖШС-НІҢ ДИРЕКТОРЫ

- «Кез-келген дін өкілін және ол қастерлейтін заттарын келемеждеу 490 бабтың 2 тармағына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.»  «Сіз діншіл болмасаңыз сізді діншіл емес, қандайда бір дінге жатпайсың деп келемеждеп, кемсітуге болмайды.» 


Дін істері басқармасының басшысы, қаламызда діни ахуал тұрақты екенін айтады. Сөзінше, шаһардағы діни конфессиялар мен бірлестіктер бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып ортақ мүдде жолында бас біріктіреді. Ешкім-ешкімнің сенімін сынап, абыройына нұқсан келтірмейді.


БАҚТИЯР ӨНЕРБАЕВ, ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

 – «Бүгінгі таңда діни ахуал өте тұрақты. Барлығы қадағаланып отыр. Біз сияқты мемлекеттік қызметте жүрген азаматтар күнделікті қарап, қадағалап отыр. Оның ішінде миссионерлерді де діни бірлестіктердің де жұмыстарын үйлестіріп, қарап отыр. Ең негізгі мақсат..»  «Заңға қайшы әрекеттер болмауы керек.»