Зауыттың тірегі – технолог десек, сол мамандықтың үдесінен шығып, еңбегімен елге танылып жүрген мамандар жетерлік. Солардың бірі Гүлдана Сарбайқызы. Тауардың сапасына жауап беретін маман қаладағы зауыттардың бірінде еңбек етіп отыр. Оның қолынан шыққан өнімдер ел нарығын отандық өніммен қамтуда.
Еңбегімен елге танылған жандардың бірі – технолог Гүлдана Сарбайқызы. Өндіріс орнында өткізген жиырма жылдан астам уақыт – табандылық пен төзімнің, жауапкершілік пен кәсібиліктің нақты көрінісі. Зауыттағы әр цех, әр құрылғы – оған жат емес. Себебі бұл кәсіпке бүкіл саналы ғұмырын арнаған.
Технологтың жұмысы сырт көзге оңай көрінуі мүмкін. Алайда әр өнімнің сапасы, әр сатыдағы дәлдік – оның иығындағы жауапкершілікпен өлшенеді. Бір тетігі тоқтаса, бүкіл жүйе бұзылады. Сондықтан әр сәт, әр шешім маңызды», – дейді маман.
Көпжылдық тәжірибе мен тынымсыз еңбек оны зауыттың сенімді маманына айналдырды. Жастарға үлгі, ұжымға тірек бола білген маман бүгінде өз ісінің шебері ғана емес, тәлімгер ұстазына да айналған. Кәсіптің қадірін еңбегімен көрсеткен Гүлдана Сарбайқызы сынды мамандар – өндірістің шынайы тірегі. Олар – үнсіз жүріп ұрпаққа өнеге бола білген еңбек адамдары.