Түркістанда тағы бір отбасы баспаналы болды. «Үлес» қайырымдылық қоры өзінің игі істерінің жалғасы ретінде көне шаһардың тұрғыны, І топтағы ерекше күтімді қажет ететін Лена Ахлиддиноваға жаңа баспана кілтін табыстады. Бұл -қор тарапынан берілген 50-ші баспана.
Мүмкіндігі шектеулі жандардың қуанышына ортақтасқан Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы арнайы сый-сияпатымен жаңа баспананың кілтін табыстады.
Лена Ахлиддинова коларбаның көмегімен қозғалса, жары Арман Ахлидинов көру қабілетінен айрылған ардагер ақсақал. Отбасы бір ұл тәрбиелеп отыр.
ЛЕНА АХЛИДДИНОВА, ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Өзім үшін дүние жинаған емеспін. Бір балам бар құдай берген. Бұл кісімен отандасқаныма 22 жыл болыпты. Ол қазақ мен өзбек ұлтынан. Квартирада жүріп үй-жай болдық. Кеше маусымның 5-де некелескенімізге 22 жыл болды. Мен дүниедегі ең бақытты әйелмін.
Жанұяның негізгі табыс көзі – мемлекет тарапынан берілетін мүгедектікке байланысты әлеуметтік жәрдемақы мен өзге де мемлекеттік қолдау түрлері. Өмірлік жағдайларды ескере отырып, «Үлес» қайырымдылық қоры отбасыға баспана сыйлады. Мұнда ерекше күтімді қажет ететін жандардың еркін жүріп-тұруына жағдай жасалған.
ӘЗІМБЕК ПАЗЫЛБЕКҰЛЫ, ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
Түркістан қаласында ақсақалдар кеңесі мен «Үлес» қайырымдылыққорының ұйымдастыруымен 50-ші баспананы табыстап отырмыз. Бұл деген үлкен қайырымды іс. Ізгі ниет пен ізгі жоба. Бір шаңырақ болса да бүгін қуанышқа кенеліп отыр. Аланың басшысы ретінде қолдау білідірп отырмыз. Мұндай бастамалар алдағы уақытта өз жалғасын аба берсін деп тілейміз.
Жаңа тұрғын үйге ие болған отбасы әкімдік пен қордың қайырымды ақсақалдарына шынайы алғысын білдіріп, істеріне сәттілік тіледі.