Өткен жексенбіде металлургтер кәсіби мерекесін тойлады. Жер асты байлықтарын қазып, оны зерттеп-өңдеумен айналысатын маман күрделі әрі қызықты процессті өткереді. Сала майталманы Виктор Шевконың айтуынша металлургия – көне мамандық. Бірақ, көнерген жоқ. Заман ағымына сәйкес дамып, жанданып келеді. Сөзінше, салаға да сала маманына да сұраныс жоғары.
Өмірінің басым бөлігін осы салаға арнаған профессор 1964 жылдан бері университетте дәріс өтеді. Білгенімен бөлісіп, нарыққа металлург даярлайды. Айтуынша, Менделеев кестесінде кездесетін 118 элементтің 96-сы металь. Мамандар осы компонентті өңдеп, құрылыс, машина жасау, энергетика, авиация тіпті ғарыш саласына қажетті шикізаттарды дайындайды. Домна пешін қыздырып, жоғары температурада жұмыс істейтін металлургтар ел экономикасына елеулі үлес қосып келеді.
ВИКТОР ШЕВКО, ТЕХНИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР
«Бұрындары «кім ақпаратты билейді, сол әлемге үкімін жүргізеді» дейтін нақыл сөз болатын. Қазір металлургтер мен аналитиктер арасында басқа түсінік қалыптасқан. Ендігіде қай мемлекеттің шикізаты мол және оны өңдейтін технологиясы бар, сол ел алға озады. Бұл ретте Қазақстанның болашағы жарқын деуге болады. Өйткені, бізде шикізат қоры өте көп. Технологиямыз да жеткілікті.»
79 жастағы ардагер қартайдым деп қажыған жоқ. Жасым келді екен деп ғылымнан қол үзген емес. 5 жыл бұрын ферроқорытпа бағытында жаңалық ашып, салада дүмпу жасаған. Жоба ғалам ғалымдарын таңдандырып, Виктор Шевко Петр Капица атындағы сыйлықтың лауреаты атанған.
ВИКТОР ШЕВКО, ТЕХНИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР
Фероқорытпа – темір мен басқа металдардың жоғары температурада бірігіп жасалатын қатты қорытпасы. Жүк көтеретін төзімді болат жасау үшін қажет. Егер фероқорытпа болат технологиясына негізделмесе болат сапасыз болып шығады және оны ешкім алмайды. Біз фероқорытпаға өзгеріс енгіздік. Тың технолгияны қолдана отырып бір мезетте бір апараттан корбит калций мен ферроселиций алдық. Бұндай технологияны бізге дейін жаһанда ешкім қолданған жоқ. Мұнымен ғана шектеліп қалған жоқпыз. Қазір де тың жоба даярлау үстіндеміз.»
Қазір Шымкент колледждерінде 39 студент металург мамандығына машығады. Ал Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті жыл сайын 20-ға жуық студент қабылдайды. Болашақ металлугтер мұнда бакалавр, магистратура, доктарантура дәрежелері бойынша білім алады. Гүлнар Қаратаеваның сөзінше, оқуын аяқтаған маман жұмыс іздеп сабылмайды. Нарықта металлургке деген сұраныс жоғары.
ГҮЛНАР ҚАРАТАЕВА, СИЛИКАТТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ МЕТАЛЛУРГИЯ КАФЕДРАСЫНЫҢ ДОЦЕНТІ
Біздің түлектер «Шымкент темір», «Қазамом пром» сынды өндіріс орындарында жұмыс істейді. Жергілікті завоттардан бөлек біздің мамандар еліміздің басқа да өңірлерінде түрлі лауазымдарда табысты қызмет атқарып жүр.