Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Freedom Holding Corp.» компаниясының негізін қалаушы әрі басшысы Тимур Турловпен кездесті.


Кездесуде Түркістан облысында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жолдары талқыланды. Тимур Турлов «Ақылды қала» жобасын жүзеге асыру, интернет сапасын жақсарту, ІТ саласындағы технологияларды енгізу және өзге де бастамалар туралы айтты. Өз кезегінде Нұралхан Көшеров аймақта өндіріс орындарын ашуға, жаңа технологияларды енгізуге қолдау көрсетілетінін жеткізді. Қос тарап ұсыныстарды талқылап, жобаларды нақтылау жөнінде уағдаласты.