Шымкентте «Street Food Fest» көше тағамдары фестивалі өтті. Бұрын соңды болмаған шарада қаланың ең үздік тез әзірленетін тағамдары анықталып, аспаздар шеберлік сағаттарын өткізді. Ал, келген меймандар фаст фудтардан дәм татып, ән мен көше билерін тамашалап қайтты.


50-ге жуық тамақтану орталығы қатысқан фестиваль қалада тұңғыш рет өткізіліп отыр. Олар «үздік бургер», «үздік жазғы сусын», «үздік балмұздақ» номинациялары бойынша өзара сынға түсті.


ЕРЛАН УМАРОВ, «VISIT SHYMKENT» ТУРИСТІК АҚПАРАТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Тағам орталықтары тек дәмді тағамдардыәзірлеп қана қоймай, өздерінің жарнамаларын өте мықты жүргізеді. Яғни, креативті түрде жүргізеді. Біз оларға қатысудың мақсатын түсіндіріп, бірінші кезекте басымдықты жарнамаға беріп, екіншісі осы жерден сатып, халық көп шоғырланған жерде саудасын жүргізеді.Сондай-ақ, өз танымалдылылықтарын арттырады.


Ал, фестивальдің басты ерекшелігі ретінде салмағы 67 келі болатын алып бургер әзірленіп, «КИНЭС» рекордтар кітабына еніп, еліміздегі «Ең үлкен гамбургер» ретінде ресми түрде тіркелді.


ҚАҺАРМАН ӘБДІРАЙЫМОВ, АСПАЗ

 Оның құрамына кіреді бізде 65 дана 500 грамнан котлет, фирменный соустарымыз, сырный соус, салатынй лист белый фирменный соусымыз олардың бәрін бізде 12 повор әзірледі.  Біз бұл жерде көлеміне ғана емес, сапасына, дәміне де аса мән бердік. 


Сондай-ақ, шара аясында жас буын өкілдері көше билерін мыңбұрала билеп, жергілікті өнерпаздар ән мен жырдан шашу шашты.


ДИНА ӘБІЛХАНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

Бүгінгі фестиваль өте қызықты өтіп жатыр. Мұнда тек жастар үшін ғана емес, үлкендер де қатысатын үлкен іс-шара өтіп жатыр.Бізде көп шаралар жастарға арналған ғой, ал мұндай фестивальдер үлкен буын үшін де қызықты, әрі пайдалы деп ойлаймын.


Аталған шара қаланың гастрономиялық мәдениетін таныту мен қатар туристік әлеуетін арттыруға бағытталған. Айта кету керек, шаһарға келушілер саны жыл санап артып келеді. Былтырдың өзінде 500 мыңға тарта турист ағылса, олардың 35 мыңға жуығы шетелдіктер.