Шымкенттік 500 жас БҰҰ ЮНИСЕФ қорына ерікті ретінде қабылданды. Бүгін Халықаралық жобаның Шымкенттегі мектебі ашылды. Енді белсенді топ жаһандық дәрежеде балалардың құқығын қорғау ісіне араласады. Ол үшін арнайы оқытудан өтпек.


 БҰҰ ЮНИСЕФ қорында 10 миллион жас табанды еңбек етіп келеді. Қазақстанға 2023 жылы келген қордың Шымкенттен мектебінің ашылуы мегаполис үшін мәртебе.


 АЙДЫН КӘРІМОВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

 Біз үшін халықаралық дәрежедегі ұйымдармен бірлесе жұмыс істеу мақтаныш. Жастардың негізгі міндеті осы біздің қаламыздағы жағдайларға байланысты жұмыс істеу.


Қор негізінен балалардың құқығын қорғап, психологиялық денсаулығын қалыптастыру саласында көш бастап тұр. Енді шымкенттік белсенділер осы бағытта алдымен осы бағытта арнайы білім алады.


ЕРСАЙЫН ӘДБІРАШЕВ, БҰҰ UNICEF ҚОРЫ ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫС БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ

Бұл балалар алдымен оқуытудан өтеді,. Соден кейін алған білімі негізіде жұмыс істейтін болады. 6 бағытта оқытамыз. Ол осы біздің қордың негізгі жұмыстарына тікелей байланысты.


Жастардың білім алуы үшін барлық жағдай қарастырылған. Олардың бірлесе жұмыс істеуі үшін арнайы орындар да бар. Белгілі бір тақырыпта контент жасап, тапсырма орындауы жіті қадағаланады.


ЛЕТИСА БАЗЗИБЕЙ, БҰҰ UNICEF ҚОРЫ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨКІЛНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Ерікті, жігерлі жастармен жұмыс істеуге әрқашан құмбылмыз. Шымкенттен осынша жастың бір мезетте жиналуы бізге қуаныш сыйлап отыр. Сондықтан біз осы потенциалды пайдаланамыз.


Қорға жаңа іліккен жастардың жанарында жалын байқалады. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында еңбек етіп келген белсенді топ енді халықаралық ұйымда жұмыс істейтіндерін мақтанышпен жеткізіп жатты.


Қазақстанда ЮНИСЕФ үкіметпен және әртүрлі серіктестермен бірлесе отырып, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, инклюзия және жастардың дамуы бағыттарында ауқымды бағдарламаларды іске асырады. Ұйымның басты мақсаты – әр балаға тең мүмкіндік жасап, олардың толыққанды, қауіпсіз ортада өсуіне жағдай туғызу.