Төл әдебиетіміздегі танымал 100 туындыны анықтауға арналған жалпыұлттық сауалнаманың аяқталуына бірер күн қалды. Сәуір айында басталған жобаға бүгінге дейін миллиондаған кітапсүйер ұнаған шығармасы мен авторын белгілеп, дауыс беруге қатысып үлгерді. Жас оқырмандардың қатары да артқан деп отыр мамандар. Оған жазғы демалысқа қарамай қаладағы кітапханаларға ағылған оқушылар дәлел. Шынар Әуелбай Пушкин атындағы білім мекеніне арнайы қазақ классиктерін іздеп барған оқушылармен тілдесіп қайтты.


Қазақ әдебиетіндегі туындыларды іріктеуге арналған сауалнама басталғалы кітапханаға келушілер көбейген. Әдетте күніне кемі 100-ге жуық кітапкеміргіш табан тіресе, қазір олардың саны екі есе артқан. Әр оқырман төл әдебиеттегі өзіне ұнаған туындымен танысып, дауыс беруге асық. Көңілінен шыққан 10 кітапқа таңдау жасап қойған Жасмин 9-шы сыныпты тәмамтапты. Бала күнінен ертегі, жыр-дастандарды сүйіп оқыған ол қазір салмақты шығармаларға қызығып жүр.


ЖАСМИН ӘБДУАЛИЕВА, ОҚУШЫ

Мен кітапханаға жиі келетін боламын. Мен осы жерде әртүрлі кітаптарды көрдім. Енді осы кітаптарды оқып жүремін.Маған өте ұнайды кітап оқу. 


Кітап жанашыры Весола Рахатова балалардың жазғы демалысын барынша тиімді өтуін қолдайды. Ол шәкірттерінің сабақтан тыс уақыттарында телефонға телміргеннен көрі аптаның 1 күнінде өзіне ілестіріп кітапханадағы әдебиеттермен сусындатуды жөн көреді.


ВЕСОЛА РАХАТОВА, ҰСТАЗ

 Кітапханаға алып келдім. Оқушыларды ынталандырғым келді. Кітаптарды көріп, атмосфераны сезініп, оқуға деген қзығушылығын арттырып  Балалрдың талғамдары әртүрлі. Қазір әртүрлі қызық кітаптарды ұстап жүр. Мұқабасы әртүрлі.


 Ал, бүгінде қоры 145 мыңнан асатын кітапханадағы оқулықтардың басым бөлігі қазақ тілінде болса, қалған 6000 мыңға жуығы шетелдік әдебиет екен.


РАУШАН ДҮЙСЕБАЙҚЫЗЫ, А.ПУШКИН ӘМБЕБАП КІТАПХАНАСЫ ОҚЫРМАНДАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ

Кітапханамыз оқырмандарға толып отырады. Олардың талғамы қазір өте жоғары. Сұраныс кеңейгнен деп айтсам болады. Көбісі, қазақ классиктерін көп оқиды. Қаржы, өзін дамыту, тұлғалық бағыттағы кітаптарға сұраныс көп.


Мамандардың айтуынша, сауалнама қазақстандықтардың қандай жанрларға көбірек қызығатынын анықтауға көмектесіп ғана қоймай, баспагерлер мен кітапханалар, оқулық сататын дүкендерге бағыт беретінін алға тартады.