Шіліңгір шілде оңтүстік өңірлерде дала орман өртінің күшейетін кезеңі. Сондықтан ТЖД қызметкерлері қауіпсіздікті барынша күшейтіп отыр. Ордабасы ауданында сақтық шаралары пысықталды. Бұл жолғы Темірланның іргесіндегі бекеттердің жай күйі сараланды.
Биылғы жыл жауын шашын аз болып жайылым жер ерте сарғайды. Анша мұнша ыстыққа дес бермейтін орман тоғай шөбіде қаусап, қурап тұр. Өрт қауіпі өңірдің барлық аймағында басым. Сондықтан ауданды қиып өтетін Арыс өзенінің жағасы жіті назарда.
ЖОМАРТ ҚОСПАНОВ, АУДАНДЫҚ ТЖБ БАСТЫҒЫ
Бүкіл адам осы жерге келіп демалады. Сондықтан да біз Бадам орман тоғай шаруашылығымен күнделікті рейдтік шаралар жүргізіп жатырмыз. Осы іс-шаралар нәтижесінде қазіргі таңда орман өрті тіркелген жоқ.
Бекетте арнайы мұнара бар. Сол арқылы егістік жерлерді де түгел бақылауға болады. Бұл биіктен әсіресе ауыл маңы алақандағыдай көрінеді. Соқалы трактор, тіркемелі су бөшкесі, өртті сөндіруге арналған құрал саймандармен түгел қамтылаған. 10 шақты қызметкер орман шаруашылығына тиесілі 4759 гектар жерді қадағалап отыр.
ДӘУЛЕТ ҚҰРМАНАЛИЕВ, БАДАМ ОРМАН ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ӘЛЕМІН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ КММ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Өртті өшіруге жабдықталған көліктеріміз құралдарымыз осы жерде. 24 сағат бойы осы жерде тұрады. Тағы да екі өрт бақылау бекетіміз бар. Әр бекетте үш адамнан қойылған.
Егіс даласынан бөлек аудандағы күре жолдардың бойындағы жайылым жерде қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Дала өртінің алдын алу бойынша аудан әкімдігімен іс- жоспар бекітілген. Тілсіз жау төтеннен келсе оны ауыздықтауға жергілікті еріктілер де атсалысады. Аудандағы 10 ауылдық округте 10 ерікті өрт сөндіру тобы құрылған. Десекте өрт оқиғасы бірінші кезекте адам әрекетінен туындайды.