Абай қазаққа неге қапаланды? Қоғамын сынап, айып-қатесіз ашық айтқан данышпан мұрат-мақсатына жете алды ма? Ол көрсеткен даңғыл, берген бағыт-бағдар әлі де өзекті ме? Оған зұлымдық ойлап, қастандық жасамақ болғандар бар дейді зерттеуші. Абайды ажалдан аман алып қалған кім? Сюжеттен көріңіз.


 Заманында данышпанды көре алмай, өзіне бақталас санаған топ болыпты. Абайтанушы, ғалым Ақжол Қалшабектің айтуынша, Оразбай бастаған көш Хәкімге қол жұмсап, дүре соқтырмақ болған.


АҚЖОЛ ҚАЛШАБЕК, АБАЙТАНУШЫ

 – «Арнайы қамшыгер жалдаған. Бір ұғанда өгізді өлтіретін қамшыгерлер болған. Абайды ұрпақ болған кезде қалың топ оны жауып қалып, Абай тірі қалған.»  «Кейін Абай бірақ оған кек қумаған. Ақысын аламыз деп ел шыққанда тыйым салған. Жамандық жасалды. Бірақ мен жамандыққа жамандықпен жауап бермеймін. Өйткені зұлымдық зұлымдықты тудыра береді. Оның шегі болмайды. Сондықтан мен оны қумаймын деп тоқтатқан. Әйтпесе қанша адам кек аламыз деп шыққан. Абай қарсы болған.»


 Абай өз қоғамын ашық сынап оны оң соқпаққа түсіруді арман етті. Ел ішіне жік салатын өтірік, өсек, өркөкірек мінезден тыйып, мақтаншақтық пен малшашпақтықтан алыс болуға шақырды. Талаптанып білім алуға, мәселенің түбірін танып, тереңіне үңіліуге үндеді. Барға қанғат етіп, адал еңбек ету қажетін түсіндірді. Осы арқылы «Толық адам» концепциясын құрастырды.


ӘЗІМХАН ИСАБЕК, АБАЙТАНУШЫ

– «Әділет, рахым, мейрім, шапағат, кешірімділік. Барлығы да Абай атамыздың шығармаларынан көрініс табады. Осындай құндылықтарды өнбойымызға жанастырып, табиғатымызға жат ментаитетізге дүниелерден арылып, Абай мұрасына бет бұратын уақыт келді ғой деп ойлаймын.»