Шымкентте теміржолды кесіп өтетін көпір күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Ақназар хан мен Қойкелді батыр көшесін жалғайтын өткел кеңес заманында салынған. Қолданысқа енгізілгенлі жөндеу көрмепті. Қазіргі таңда иілген бетондар алынып, тіреулері қатырылуда. Жөндеу жұмысы қараша айына дейін жалғасады дейді жауаптылар.


 Пойыздың осылай жүйіткуі көпір құрылысына кедергісін келтіруде. Қандайда бір жұмысты бастау үшін мердігер мекеме Қазақстан темір жолының графигіне сай әрекет жасайды. Жұмысшылар аптасына тақ күндері 2, жұп күндері 4 сағат еңбек етеді.


ҚУАНЫШ ТӘШКЕНБАЙ, МЕРДІГЕР МЕКЕМЕ ӨКІЛІ

Біз құрылыс жұмыстарын маусымның 15 не бастадық. Қазір бетондай жұмыстарын тәмәмдап қалдық. Енді балка қою жұмыстары осы жердегі окнога байланысты қарап отырмыз. Енді ол кісілерге ешнәрсе дей алмаймыз Қазақстан темір жолға. Солар береді уақытын, соған қарап істейміз. Сол кісілердің қолына байланысты.


Жаңарған көпірдің бұрынғысынан ешқандай техникалық ерекшелігі болмайды. Көліктің жүріп өтуіне ыңғайлы, екі жағында жаяу жүргінші жолағы болады. Өткел жоғарғы кернеулі электр желісінің үстінен өткендіктен мұнда қауіпсіздік шарасы қатаң сақталған. Күрделі жөндеу жұмысына 10 техника мен 20-ға жуық маман тартылған.


НҰРБОЛ ЛЕСОВ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

Күрделі жөндеу жұмысы барысында бізде негізгі балка иілген болатын солар алмастырылады. Одан соң шеткі бетондау, нығайту жұмыстары жүргізіледі және ортаңғы балкалерді күшейту жұмысы жүргізіледі. Халық тарапынан үзақ мерзімде іске асырылуда деген мәселе туындауда. ҚТЖ бізге аптасына екі сағаттан ғана жұмыс істеуге мүмкіншілік беруде. Өйткені бұл жерде үлкен теміржол желісінің үстіне орналасқан. Соған байланысты берілген уақытты мүмкіндігінше тиімді падалануға тырысудамыз. Осы уақытқа дейін демонтаждау жұмысы толық аяқталды.


Құрылыс жұмысы қараша айының соңында аяқталып, қолданысқа беріледі деп жоспарланған. Жобаны жүзеге асыру үшін қала бюджетінен 520 миллион теңге қаржы қаралған. Айта кетейік құрылыс жұмысы пойыздардың кестеден ауытқуына еш кедергісін келтіріп жатқан жоқ.