Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданғанына биыл 30 жыл толып отыр. Осыған орай Түркістан қаласындағы «Ұлы Дала Елі» орталығында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Салтанатты жиынға ҚР Ұлттық ұланы 5574 әскери бөлімінің сарбаздары, мәдениет және өнер саласының өкілдері, кітапхана мен музей қызметкерлері қатысты.


Мерекелік кеш ел қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүрген сарбаздарға арналып, олардың еңбегіне ерекше құрмет көрсетілді. Іс-шараны ҚР Ұлттық ұланы 5574 әскери бөлімінің командирі, полковник Төлеген Шыныбеков ашып берді.


ТӨЛЕГЕН ШЫНЫБЕКОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫ 5574 ӘСКЕРИ БӨЛІМАІНІҢ КОМАНДИРІ, ПОЛКОВНИК

 Біздің борышымыз осы құндылықтарды қастерлеп ел қорғау жолында адал қвзмет атқару . Әскер қатарындағы әрбір сарбаз ата заңымыздың мызғымаз қағидаларын қорғап отан алдындағы антына берік болуын еліміздің ең үлкен жетістігі.


Конституция күніне арналған бұл кеште бірқатар сарбаздарға алғыс хаттар мен марапаттар табысталды. Олар тәртіп пен ерлік жолында аянбай еңбек етіп жүрген жастар. Сонымен қатар әскери бөлім сарбаздары өз өнерлерін ортаға салып, патриоттық әндер шырқап, көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады.


ГҮЛЖАНАТ ИБРАХИМҚЫЗЫ, «ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОР Ы

Бауыржан Момышұлының айтқан сөзі бар Тәртіпсіз ел болмайды тәртіпке бағынған адам құл болмайды. Осы біздің ата заңымызда біздің адамзат қазақ еліне жасаған заңға бағынайық сол заңды құрметтейік


Конституцияның 30 жылдығына арналған бұл іс-шара еліміздің тұрақтылығы мен бірлігін нығайтып, жас ұрпақтың патриоттық сезімін оятуға бағытталды. Отан қорғаушылардың ерлігі мен адалдығы кеңінен дәріптеліп, қоғамдағы құрметтері артты.