Бұдан былай, пиротехника атып, өзгенің мазасын алсаңыз 78 мың теңге айыппұл төлейсіз. Қазір әр тойхананың алдында салют ату әдетке айналды. Түн тыныштығын бұзу заңмен қадағаланады.


 Бұған дейін жаңа жылдың сәні болып келген отшашулар той салтанатынан кейін атылып жатыр. Жастар қыз ұзатқанда немесе үйлену салтанатынан кейін яғни, түнгі он екіде аспанды әсем отпен әрлеуді әдет қылып алған. Бұл заң бойынша түн тыныштығын бұзу болып есептеледі. Ол үшін айыппұл қарастырылған. Жауаптылар салют атудың өз тәртібі бар екенін еске салады. Отшашуға арналған аймақ ашық әрі үлкен болуы қажет. 50 метр радиуста ағаш, құрылыс, автотұрақ, ғимарат және басқа өрт қаупі болуы мүмкін объекті болмағаны дұрыс.


СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, ӘКІМДІКТІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ

 Атқарылып жатқан жұмыстар нәтижесінде жыл басынан бері 123 жеке тұлғаға ӘҚбТК хаттама толтырылып жинақтау іс құжатар сотқа жолданып әрқайсысына жеке дара 20 АЕК мөлшерінде бұл 78640 теңгені құрайды. Жалпы 9 672 720 млн теңге айыппұл салынған екен. Жеке тұлғалардың қалыпты демалсы мен тыныштығын бұзу фактілері бойынша 4675 азаматқа ӘҚбТК 467 бабымен әкімшілік хаттама толтырылып 66 972 820 млн теңге айыппұл салынған.


 Пиротехниканы тек лицензиясы бар орындарда сатып, арнайы бөлінген алаңдарда ғана қолдануға рұқсат. Өзге жағдайда салют атуға тыйым салынады.