Онлайн сатып алуға жаңа тәртіп енгізілмек. Енді Қазақстандықтардың шетелден тапсырыс берген әр қорабына жеткізушілер ғана емес, кеден де көз салатын болды. Сенат интернет арқылы сатып алатын тауарларға кедендік декларацияны міндеттейтін заңды мақұладады. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин мәлімдеді.
Енді шетелдік интернет-дүкендердің тауарларына баж салығы 15% - 17%-ға дейін өседі. Бұдан бөлек, Қазақстандықтарға шетелдік меркетплейстерден алған барлық тауарларын декларациялауға міндеттеледі. Ал, аталған декларацияны өз бетінше болмаса Қазпошта мен басқа да қызметтердің көмегімен толтырып, 4-5 мың теңгеге дейін төлеуге тура келеді.