Өрт сөндірушілер үшін жағымды жаңалық! Енді елде төтеншеліктер де тұрғын-үй төлемдерін алатын болды. Мемлекет қызыл жалынмен алысып, тілсіз жаумен күресіп жүрген мамандарға қамқорлықты күшейтіп жатыр.
Төтенше жағдай министрлігінің хабарлауынша, Үкімет бекіткен бұл қаулы қауіпсіздік күзетінде жүрген жандар үшін тарихи шешім. Осылайша, өрт сөндірушілер де баспанаға мұқтаж деп танылып, оларға да әскери қызметшілер сынды тұрғын-үй төлемдері тағайындалмақ. Қазір бұл мәселе бойынша жоспарлы жұмыстар басталып кеткен.