Шымкентте алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімдеріне арналған қалалық тәжірибелік семинар өтті. «Адал азамат – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында ұйымдастырылған жиынға қала мектептерінің мұғалімдері мен сала ардагерлері қатысты. Мақсат – жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу және оқу-тәрбие процесіне жаңа әдістер енгізу.
№68 мектепте өткен басқосуға қаладағы 285 мектептің алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдері жиналды. Қоғам қайраткерлері мен қарулы күштер ардагерлері баяндамалар жасап, тәжірибе алмасудың маңызына тоқталды. Семинар ашық сабақтармен жалғасты.
СЕРЖАН НАЗАРОВ, АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ ӘДІСКЕРІ
Алғашқы әскери дайындық мұғалімдері сабақ алмасу бойынша өтетін болады. Бір-бірінің сабағына енді. Ол жерде оқушыны қалай зерттейді., әдістемелік құрал қалай пайдаланады, оқушыға жоспар қалай құрады, күтілетін нәтижелермен бір-бірімен алмасады. Осы жас сарбаздарымыз биік шыңдарға жетуіне ұйымдастырылып отырған әдістемелік семинар.
Семинар аясында ҚР Қоғам қайраткері, «Қарулы күштерінің ардагерлері» бірлестігінің қалалық филиалы төрағасы Серікбай Оңбаев атындағы алғашқы әскери дайындық кабинеті ашылды.
СЕРІКБАЙ ОҢБАЕВ, ҚР ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ АРДАГЕРЛЕРІ РҚБ ШЫМКЕНТ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Болашақта ел қорғайтын өскелең ұрпақ осы жерден білім алып, өмірге аттанатын болады. Сондықтан мен осы мектептің ұжымына, директорына алғысым шексіз. Өскелең ұрпақ мынау саптан шықпаған сардардан өздеріне іл,тәрбие алып, болашақта аталары сияқты елге қорғаға дайын болғандары дұрыс. Мен 54 жыл болды, әлі саптамын.
Алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдеріне арналған тәжірибелік семинар осы оқу жылында алғаш рет ұйымдастырылды. Жыл соңына дейін тағы 8 семинар өткізу жоспарланған.