Шымкентте жастардың цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған жаңа бастама қолға алынды. Shymkent Hub алаңында студенттермен арнайы кездесу өтті.
Іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауындағы тапсырмаларға сәйкес ұйымдастырылды. Басты мақсат цифрландырудың экономиканың барлық саласына ықпалын түсіндіру және жасанды интеллекттің мүмкіндіктерімен бөлісу.
ҚҰРМАНҒАЗЫ МҰРАТОВ, SHYMKENT HUB АЙМАҚТЫҚ МЕНЕДЖЕРІ
Орталық жыл сайын жүздеген іс-шара өткізеді. Қазірдің өзінде төрт мыңнан астам жас қатысып үлгерген. Барлық оқу тегін.
Кездесуде студенттер кәсіпкерлік, мемлекеттік басқару және күнделікті өмірде қолданылатын заманауи цифрлық шешімдермен танысты. Сондай-ақ киберқауіпсіздік пен инновациялық трендтерге қатысты сұрақтарға жауап алды.
АЛЕКСАНДР ШЛЕНЧАК, «АЗИЯ-СЕРВИС» ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Қазақстан Республикасы жасанды интеллекттің дамуының маңыздылығын атап өтті. Осыған байланысты студенттермен ерте кезеңнен жұмыс жүргізудің ерекше мәні бар. Бүгінде біз жасанды интеллект жүйелеріне деген сенім мен ақпараттық қауіпсіздік сияқты бірқатар сын-қатерлерге тап болып отырмыз. Сондықтан бұл салада мамандарды ең басынан бастап даярлау қажет.Бұл Қазақстанға жасанды интеллект саласында өзін сенімді сезінуге және осы бағытта басқа мемлекеттермен тиімді ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік береді.
Мамандардың пікірінше, жастарды жаңа технологияларды меңгеруге ынталандыру – елдің инновациялық дамуының басты кепілі.