Бүгінгі қоғамға жабысқан дерттің бірі – масылдық. Тегін дүниеден үміттілер әлеуметтік бағдарламаларды жеке мүдделеріне пайдаланып, май шелпекке айналдырған.
Мемлекет беретін көмектен бөлек, мүгедек жандардың қаржысына қол салып, он екі мүшесі сап-сау бола тұра өзін жұмысқа жарамсыз етіп көрсететіндеріне не дерсіз? Психологтардың пайымынша, масыл адамдар екі топқа бөлініп қарастырылады екен. Оның бірі нәрестелік стилде болса, екіншісі париналистік. Оның артында жалқаулық, еріншектік, сұраншақтық тұр. Масыл адамадар үшін отбасы құндылығы соңғы орында десек, артық айтпағанымыз болар. Айналасына қол жайып, пайда көруді ойлайтын жандар туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында кез келген өркениетті елдегі сияқты заңның және бүкіл қоғамның алдында жауапқа тартуымыз керек, деген болатын. Осы орайда, қоғамның пікірін біліп көрдік.