Биыл Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті бірқатар ирригациялық және дренаждық нысандарды қайта қалпына келтірді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 8,5 шақырымға жуық канал, 11 шақырымнан астам коллекторлық-дренаждық жүйе және 27 ұңғыма реконструкциядан өтті.


 АИДА НҰРЖАНБАЙ,ТІЛШІ

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, бұл шаралар нәтижесінде ирригациялық каналдардағы су шығынын жылына 250 млн текше метрге дейін қысқартуға және 95 мың гектар алқапты суармалы сумен қамтамасыз етуді жақсартуға мүмкіндік береді. Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитетінің төрағасы Арсен Жақанбаевтың айтуынша, су шаруашылығы мен ирригациялық жүйелерді дамыту үшін қазір 14 ірі жоба іске асырылып жатыр. Олар 2026–2027 жылдары аяқталады. Бұдан бөлек, тағы 211 жобаның жобалау-сметалық құжаттары дайындалып жатыр. Айта кетейік, 2026 жылы Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі іске қосылады.