Әл-Фараби ауданында ауыз су, электр жарығы мен табиғи газ 100% қамтылған. Бұл туралы аудан әкімі Маратбек Мықтыбеков 8 айдың қорытындысына арналған брифингте айтты. Сондай-ақ, жол, жылу жүйесі мен инфрақұрылымдық модернизация жұмыстары жайлы баяндады.


 Биыл аудан аумағындағы 133 көшеге жарықшам орнату жоспарланған. Қазіргі таңда 42 көшеге орнатылды. 390 көшенің 365-іне асфальт төселген. Жыл соңына дейін 25 көшеде 17 шақырымнан астам жаңа асфальт салу көзделген. Оның 18-і аяқталды, 7 көшеде жұмыстар жалғасуда.


 МАРАТБЕК МЫҚТЫБЕКОВ, ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

 85 көшенің асфальт қабатын жаңарту жоспарланған, 23 көше жаңартылды, жыл соңына дейін 62 көше аяқталады. Аудан аумағында «Әл-Фараби» КММ тарапынан асфальт қабатын төсеу және ойылған жерлерді жөндеу жұмыстарының 59 ауланың қазіргі таңда, 40 ауласында жұмыстар жүргізілді. Қалған 19 аулада жұмыстар қазан айында толық аяқталады. 


Аудандағы 931 көппәтерлі тұрғын үйдің 861-і орталық жылу жүйесіне қосылған. Оның 832-сі қысқы маусымға дайын. Тұрғын үй қорын жаңғырту бағдарламасына 20 үй кірген. Қазір 13 үйде жөндеу аяқталды, қалған 7 үйде жұмыс жүріп жатыр.


МАРАТБЕК МЫҚТЫБЕКОВ, ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

 Реновация жобасы аясында ағымдағы жылы 4 мекен-жайда реновация бағдарламасы аясында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Елшібек батыр көшесі №91 және №93 үйле, Төле би көшесі №37, Ж.Әлімқұлов көшесі №34. 2029 жылға дейін 28 апатты және тозығы жеткен көппәтерлі тұрғын үйлерді бұзу арқылы 235 меншік иесін жаңа тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда.


Жыл басынан бері «Таза Қазақстан» акциясы аясында 41 рет сенбілік өтті. Оған 8 мыңға жуық адам, 190 техника қатысып, 504 тонна қоқыс шығарылды. Қала тазалығын сақтау үшін 13 көшеге 275 қоқыс жәшігі қойылды.