27 қыркүйек - Дүниежүзілік туризм күні. Осыған орай Шымкентте «Туризм аптасы» тақырыбында студенттерге арналған форум өтуде. Ұйымдастырушылар Орталық Азия Инновациялық университетінің «Бизнес және туризм» кафедрасы. Толығырақ келесі бейнематериалда.


 Форум Орталық Азия Инновациялық университетінің «Бизнес және туризм»кафедрасының алғашқы курс студенттерін ұйымдастырылып отыр. Жиынның мақсаты – оларды мамандығымен тереңірек таныстыру, бағыт-бағдар беру және туризм саласының мүмкіндіктерін көрсету. Кафедра туризм, мейрамхана және қонақүй бизнесі, қаржы және

бухгалтерлік есеп және аудит бойынша мамандарды дайындайды. 


 БАҒДАТ ПАРДАБАЙ, «БИЗНЕЗ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ» ФАКУЛЬТЕТІ ДЕКАНЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ 

Қандай жұмыс жасай алады бітірген соң, қай бағытта кеткен дұрыс. Соны бүгін бізде спикерлер шақырғанбыз. Өз жұмысының кәсібилері гид мамандар, қонақ үй мамандары және мемлекеттік қызметте туризм саласында жұмыс істейтін мамандарды шақырып, өз тәжірибелерімен бөлісіп отыр. Шымкент қаласында туризм саласында жұмыс деген өте көп. Істеймін деген адамға жұмыс көп. 


 Форум спикері Азамат Қалқабаевтың сөзінше, университетке қонақ үйлерден сұраныс көп түседі. Оларда дайын маман жетіспеушілігі бар. Сондай-ақ, биыл туризм саласына түскен студенттер саны үш есеге артқан. Күндізгі оқуға 30 студент келсе, колледжден кейін түскендер 50-ге жуық . Туризм, мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі мамандығы бойынша соңғы екі жылда түлектер 100% жұмыспен қамтылған.


АЗАМАТ ҚАЛҚАБАЕВ, ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ИННОВАЦИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ

 Сол кездегі туризм мен бүгінгі туризмнің арасы үлкен. Туризм өте қатты дамып, алға шығып экономиканың алдағы салаларының бірі болып саналады. Осы қалада 150-ден астам қонақ үй бар. Сол қонақ үйлерге маман жетіспеушілігі бар. Және де одан да басқа тур.операторлық агенттіктерде, мейрамханаларда мамандар тапшы болып жатыр. 


Туризм аптасына арналған форум үш күнге созылады. Шымкент қаласы бойынша студенттерге арналған экскурсия өтеді. Соңы «Бизнес және туризм»кафедрасында білім алушылармен Қасқасу шатқалында демалыспен аяқталады.