Түркістанда «TURKISTAN WORLD CRAFT FEST-2025» халықаралық көрмесі ашылды. Шараға әлемнің 20-дан астам елінен жүзден аса қолөнерші қатысты. Фестиваль аясында «Түркістан қолөнер мұрасы және туризмнің болашағы» атты форум өтті.
Басқосуда ұлттық өнерді дамыту, туризмді ілгерілету және жаңа серіктестік орнату мәселелері талқыланды. Жиынға 70-тен астам шетелдік қонақ пен халықаралық ұйым өкілдері келді. Айта кетейік, биыл наурызда Түркістанға «Халықаралық қолөнершілер қаласы» атағы берілген. Қазір өңірде 130-дан астам шебер еңбек етуде.