Ел ертеңі – жастардың қолында. Жас өрен көргенін көшіреді, тыңдағанынан тағылым алады. Сол себепті аға буын қоғамдық ынтымақты нығайту, жастар санасына ізгілікті сіңіру мақсатында көшпелі кездесулер өткізіп келеді.


Ассамблея өкілдері «Даналық көпірі» атты интерактивті кездесу ұйымдастырып, студенттерге ақыл-кеңес берді. Білім алушыларға еліміздегі бірлік пен келісім құндылықтарының мән-маңызын түсіндірді. Басқосуға Ассамблея жанындағы Ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі, сондай-ақ әкімдік өкілдері мен ішкі саясат басқармасының қызметкерлері қатысты.


 ЕРЖАН ЕРСАЙЫНҰЛЫ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ «ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ

 Жастар қол жеткізген жетістіктерімізді сақтап қана қоймай, оны әрі қарай нығайтуы қажет.


Жастар құндылықтарды қастерлеп, ел дамуына үлес қосуға дайын екенін жеткізді. Дидар Асылдың айтуынша, бірлік пен келісім – жай ғана ұран емес, жарқын болашақтың кепілі.


 ДИДАР АСЫЛ, СТУДЕНТ

Бүгінгі шарадан жақсы әсер алдым. Ағаларымыздың айтып жатқан сөздері жүрек елжіретеді. Алғысымызды білдіреміз.


 Кездесуде жастардың қоғам өміріне белсенді араласуы, әлеуметтік түйткілдерді шешу жолдары және қоғамдық келісімді нығайту мәселелері талқыланды.