Кәмелет жасына толмаған балаларға сағат 22:00-ден кейін ата-ана бақылауынсыз көшеде немесе ойын-сауық орындарында жүруге болмайды. Сондай-ақ караоке-барлар мен түнгі клубтарда жасы 21-ге толмағандарға алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салынған.


 Мамандар түнгі рейд өткізіп, бірқатар нысандарды тексерді. Ойын-сауық орталықтарына бас сұғып, мекеме әкімшілігіне ескерту жасады. Кафе, бар, мейрамхана және компьютерлік клубтар тексеріліп, жасөспірімдердің тыйым салынған уақытта рұқсат етілмеген өнімдерді тұтынбауы қадағаланды. Ереже бұзған жасөспірімдердің ата-аналарына алдымен ескерту жасалады. Егер жағдай қайталанса, 7 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.


ТӘЖІ АСХАТ, ҚАЛАЛЫҚ ПРОКУРАТУРА ҚЫЗМЕТКЕРІ

 – Құрметті ата-аналар, түнгі сағат 22:00-ден кейін заңды уәкілінің сүйемелдеуінсіз балаларды көшеге, ойын-сауық орталықтарына жібермеулеріңізді сұраймыз. Бұл жөнінде заңнамада тиісті жауапкершілік, айыппұл қарастырылған.