Жақын арада Шымкенттіктер үшін көмір жағу келмеске кетеді. Себебі шаһардағы тұрғын үйлер көгілдір отынмен қамтылып жатыр. Жыл соңына дейін Тассайда 1 700 үй табиғи газ қосылады.
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков апта басында Тассай шағынауданының тұрғындарымен бірге табиғи газды қосу рәсіміне қатысты. Газбен қамтамасыз ету жобасының екінші кезеңінің аясында 1 700 абонентке көгілдір отын қосылады. Бұған дейінгі бірінші кезеңді жүзеге асыру нәтижесінде 800 абонент табиғи газды қолданып келеді. Ал жыл соңына дейін қалған үйлерді коммуналды игілікке қосу жоспарланған.
СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ, РЕСМИ ӨКІЛ
Қала әкімі тұрғындарға табиғи газды жеткізу – тұрғындар үшін маңызды жаңалық және қаладағы өмір сапасын жақсарту, инженерлік инфрақұрылымды дамытудағы маңызды қадам екенін айтты. Ғабит Сыздықбеков қалалықтарды осынау маңызды оқиғамен құттықтап, құрылысты сапалы әрі дер кезінде атқарған мердігер мекемеге алғыс білдірді. Бұл жобаның қорытындысында 3 345 абонентке табиғи газ қосылып, тартылған газ құбырының жалпы ұзындығы 70 шақырымға жуықтайды.